ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Желтоқсан айынан бері 200 мың сириялық босқын Түркиядан өз отанына оралды»
«Сирия қалпына келген сайын оралушылар саны артты», - деді Режеп Тайып Ердоған.
Президент Ердоған: «Желтоқсан айынан бері 200 мың сириялық босқын Түркиядан өз отанына оралды»
/ AA
29 Сәуір 2025

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше өткен жылдың 9 желтоқсанынан бері Түркиядан өз отанына оралған сириялықтардың саны 200 мыңға жетті.

Ердоған дүйсенбі күні «Түркия ғасырында көші-қонды басқару» атты іс-шарада сөйлеген сөзінде «Әртүрлі қиындық пен кедергіге қарамастан, Сирия біртіндеп қалпына келуде», – деді. «Сирия қалпына келген сайын оралушылар саны да арта бастады», – деп қосты ол.

Ердоған дүйсенбі күні «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде өз еркімен, қауіпсіз, абыроймен өз отанына оралған сириялықтардың жалпы саны 931 450 адамға жеткенін және Түркияның өткен ғасырдағы ең үлкен гуманитарлық қиындықтардың бірін сәтті еңсергенін мақтан тұтатынын атап өтті.

Әлем халқының 3,6%-ы мигрант

Президент Ердоған «Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта әлемде 281 миллионнан астам мигрант бар. Мигрант жұмысшылар саны 165 миллионнан асады. Соңғы үш-төрт жылда соғыс салдарынан босқындар саны 120 миллионға жетті. Соңғы деректерге сәйкес әр минут сайын кемінде 20 адам қақтығыс, қысым немесе терроризм салдарынан көшуге мәжбүр. Әлем халқының 3,6%-ы мигрант ретінде өмір сүруде. Соғыстар ұзаққа созылып, дағдарыстар шешілмей және климаттың өзгеруінің әсері тереңдеген сайын бұл көрсеткіш күрт өсуде»,- деді.

Түркия 4 миллион сириялықты қабылдады

«Адамдарды көшуге мәжбүрлейтін негізінен Батыс елдерінің саясаты болғанымен, жүкті бөлісуге келгенде олар жоқ. Әлемдегі әр 100 босқынның 75-ін бай мемлекеттер емес, табысы төмен және орташа мемлекеттер қабылдайды», – деп қосты ол.

13 жылға созылған Сириядағы азаматтық соғыс кезінде Түркия 4 миллионға жуық сириялықты қабылдады. Сирияны 25 жылға жуық басқарған Башар Асад 2023 жылдың желтоқсан айында Ресейге қашып, 1963 жылы басталған Баас партиясының ондаған жылдық билігі құлады. Қаңтар айының соңында ескі Конституция, қауіпсіздік қызметтері, қарулы топтар, парламент және Баас партиясын таратқан уақытша әкімшілік құрылды.

Іздеу
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасына алты «F-16» жойғыш ұшағын орналастырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды
Нетаньяху Иранға қарсы соғысты қарқынды түрде  жалғастыратынын мәлімдеді