ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Албания премьер-министрі Эди Рама шеруге қатысушыларды диалог орнатуға тағы бір мәрте шақырды.
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Албанияда студенттердің білім беру жағдайын жақсарту талабымен ұйымдастырған наразылықтары жалғасуда.

Албания астанасы Тиранада университет студенттерінің білім беру жағдайын жақсартуды талап етіп ұйымдастырған наразылық шерулері кеше де жалғасты.

13 қазанда басталған наразылық акцияларының он күн бойы жалғасуда.

Елордадағы шерулерге жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар мектеп оқушылары, қала тұрғындары және түрлі университеттердің оқытушылары да қолдау көрсетті.

Парламент ғимаратының алдында бейбіт басталған шеру кейін Үкімет басшысының кеңсесі орналасқан ғимараттың алдына ұласты.

Осы жерде наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне тас лақтырды. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары су атқыш құралдарды қолданды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жүздеген полиция қызметкері жұмылдырылды.

Бұған дейінгі наразылық акциялары кезінде де шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болған еді.

Білім беру жүйесін өзгертуді талап еткен студенттердің шерулері барысында күш қолдану оқиғалары тіркелді.

Албания премьер-министрі Эди Рама бұған дейін наразылық білдірушілерге жасаған диалогқа шақыруын тағы да қайталады. Алайда студенттер талаптары орындалмайынша наразылық шараларын жалғастыруға ниетті екендерін мәлімдеді.

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»