САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Кнессет өлім жазасы туралы заң жобасын  ілгерілетіп жатыр
Асыра оңшыл үкімет палестиналық тұтқындар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты даулы шаралар қабылдап жатқан кезде, сыншылар биліктің барған сайын авторитарлық сипат алып бара жатқаны туралы ескертті.
Кнессет өлім жазасы туралы заң жобасын  ілгерілетіп жатыр
Israel’s Knesset advances bills on death penalty for Palestinians and permanent shutdown of foreign media. / AP

Израиль парламенті палестиналық тұтқындарға өлім жазасын қолдануға рұқсат беретін және үкіметке соттың мақұлдауынсыз шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тұрақты түрде жабу құқығын беретін екі даулы заң жобасын ілгерілетті.

Екі бастама да Беньямин Нетаньяху бастаған асыра оңшылдар тарапынан қолдау тапты. Заң жобалары Кнессетте алғашқы оқылымнан өтіп, соңғы мақұлдауға дейін талқылану үшін комитетке жіберілді.

Бірінші жоба Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир басқаратын «Еврей күші» партиясының ұсынысы. Ол жеккөрушілік немесе Израильге зиян келтіру ниетімен израильдіктерді өлтірді деп айыпталған палестиналық тұтқындарға өлім жазасын қолдануға мүмкіндік береді.

Заң жобасын алғашқы оқылымда 120 депутаттың 39-ы қолдап, 16-сы қарсы дауыс берді.

Министр дауыс беру нәтижесін «X» әлеуметтік желісінде «тарихи сәт» деп сипаттап, партиясының «уәдені орындағанын» айтып, қуанышын жасырмады.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары бұл ұсынысты қатаң сынға алып, жобаның әсіресе палестиналықтарды нысанаға алатынын және Израильдің оккупацияланған аймақтардағы жүйелі кемсітушілік саясатын тереңдете түсетінін ескертті.

Отырыс кезінде араб депутаты Айман Одех пен Бен-Гвир арасында сөзталас туындап, физикалық қақтығысқа ұласа жаздады. Бұл жағдай Кнессет ішіндегі шиеленістің күшейіп келе жатқанын көрсетті.

Егер заң қабылданса, Израильде соңғы рет 1962 жылы нацистік әскери қылмыскер Адольф Эйхман өлім жазасына кесілгеннен кейін алғаш рет өлім жазасы берілмек.

Медиа шектеулері

Сол күні Кнессет депутаттары үкіметке Израильдің қауіпсіздігіне зиян келтіретін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын уақытша жабуға мүмкіндік беретін әл-Жәзира заңының»  тұрақты нұсқасын бекітуді көздейтін тағы бір заң жобасын ілгерілетті. Ликуд партиясының депутаты Ариэль Каллнер ұсынған жаңа түзету сот бақылауын алып тастап, бейбіт уақытта да медиа ұйымдарын жабуға рұқсат береді. Жобаны алдын ала дауыс беруде 50 депутат қолдап, 41-і қарсы шықты.

Байланыс министрі Шломо Кархи Кнессетті заң жобасын тезірек қабылдауға шақырып, уақытша ереженің мерзімі аяқталғанын айтты.

Құқық сарапшылары бұл қадамның баспасөз еркіндігін әлсіретіп, конституциялық қағидаттарға қайшы келуі мүмкін екенін ескертті.

Бастапқы заң 2024 жылдың сәуірінде, Нетаньяху үкіметі Газадағы геноцид деңгейіне жеткен соғысқа қатысты жарияланымдары үшін әл-Жәзираның Израильдегі бюросын жабуға бұйрық бергеннен кейін күшіне енген болатын.

Сыншылардың айтуынша, бұл екі заң жобасы да палестиналықтарға қарсы әскери шабуылдар мен жаппай тұтқындаулар жалғасып жатқан тұста, Израиль билігінің күшейіп келе жатқан авторитарлық бағытын айқын көрсетеді.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді