САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр»
Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ президенті Трамптың айыптауларын жоққа шығарып, Колумбияның егемендігін «жанымызды салып» қорғаймыз деп уәде берді.
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр»
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр» / AP

Колумбия президенті Густаво Петро елінің АҚШ тарапынан есірткіге қарсы күрес деген сылтаумен есірткі саудасымен айналысады деп айыпталып, қорқытылып жатқанын мәлімдеді.

Петро бейсенбі күні Колумбияны нысанаға алған АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздеріне жауап беріп, елін «есірткімен күреспейді» деген айыптаулардан қорғады.

Колумбия басшысы ондаған жылға созылған есірткіге қарсы соғыста колумбиялықтардың шеккен ауыр азабына қарамастан елінің әлі де қауіп-қатерде екенін атап өтіп,

«Бізді сынаушылар «Колумбия қазір есірткі саудасына қарсы күреспейді» деп айтады. Бас қолбасшының бұйрығы мынадай: Егемендігімізді жанымызды салып қорғаймыз. Колумбия қорқытуға көнбейді. Бұл қорқытуларды іске асырмақ болғандар Колумбия халқының ішіндегі ягуарды оятады», - деп әскери басшылыққа үн қатты.

Петро есірткі топтарымен күрес деген сылтаумен Кариб теңізінде жүргізіліп жатқан АҚШ операцияларын сынға алып, «Колумбияны қорлайды және халық осының салдарынан зардап шегіп отыр» деген баға берді.

Президент бұған дейін Трампты есірткі өндіретін лабораторияларды жою жұмыстарына куә болуға шақырып, колумбиялық күштердің әр 40 минут сайын бір лабораторияны жойып жатқанын айтқан еді.

Трамп сейсенбі күні «Колумбия кокаин өндіреді. Мұны жасап, оны біздің елге сататындардың бәріне соққы берілуі мүмкін»,- деп мәлімдеген.

АҚШ соңғы айларда Латын Америкасының әр түкпірінде әскери операцияларын кеңейтіп, теңіз әскерлері, соғыс кемелері, жойғыш және бомбалаушы ұшақтар, сүңгуір қайықтар мен ұшқышсыз аппараттар орналастыруда. Вашингтонның айтуынша, бұл операциялардың мақсаты ˗ есірткі тасымалына қарсы күрес және нарко-террористік ұйымдар мен олардың қайықтарын нысанаға алу.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді