ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Сирияға газ бен электр қуатын экспорттайды
Анкара Сириядағы соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары аясында бұл елге газ және электр қуатын экспорттап, энергетика саласында инвестиция салады.
Түркия Сирияға газ бен электр қуатын экспорттайды
/ AA

Түркияның Энергетика және Табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Дамаскқа жасаған сапары барысында Түркия мен Сирия арасындағы жаңа екіжақты энергетика келісімі аясында Түркия Сирияға жылына 2 миллиард текше метр табиғи газ жеткізетінін мәлімдеді.

Бұл қадам он жылдан астам уақытқа созылған Сириядағы азаматтық соғыстан кейін Анкараның елдің қалпына келтіру процесіндегі артып келе жатқан рөлін көрсетеді.

Бейсенбі күні Сирияның Энергетика министрі Мұхаммед әл-Баширмен өткізілген бірлескен баспасөз мәслихатында Байрактар газ экспорты Сирияда қосымша 1 300 мегаватт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретінін, бұл өз кезегінде елдегі созылмалы энергия тапшылығын жеңілдетуге сеп болатынын атап өтті.

Министр сонымен қатар Түркия Сирияның қысқа мерзімді қажеттіліктерін өтеу мақсатында тікелей 1 000 мегаватт электр қуатын да қамтамасыз ететінін қосты.

Құбыр желісін қайта іске қосу және болашақ жобалар

Сирияның Энергетика министрі Мұхаммед әл-Башир екі ел арасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған табиғи газ құбыры желісін қайта іске қосу туралы келісім жасалғанын растады. Газ тасымалының маусым айында басталуы күтілуде.

«Бұл қадам электр қуатын өндіру көлемін айтарлықтай арттырып, сириялықтардың энергияға сұранысын қамтамасыз етуге оң әсер етеді», -деді әл-Башир.

Екі министр сондай-ақ жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарланған және екі елді өзара байланыстыратын қуаты 400 киловольт болатын жаңа электр желісін аяқтау мәселесін талқылады. Бұл желі Сирияға Түркиядан 500 мегаваттқа дейін электр қуатын импорттауға мүмкіндік береді.

Түрік инвестициялары

Келісім сондай-ақ Түркияның жеке секторына Сирияның энергетика және тау-кен салаларына инвестиция салуға жол ашады.

Түркияның Энергетика министрі Алпарслан Байрактар түрік компаниялары кен өндіру, фосфатты қазу, энергия өндіру және электр қуатын тарату сияқты салалардағы мүмкіндіктерді қарастыруға шақырылатынын мәлімдеді.

«Біз Сирияның құрлықтағы және теңіздегі жаңа ресурстарын барлауға бағытталған белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деген Байрактар алдағы уақытта жүзеге асырылуы мүмкін бірлескен барлау жобаларына да назар аударды.

Іздеу
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды
Президент Ердоған Түрік үйінде бірқатар кездесу өткізді
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы министрлері бас қосты
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады