ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс қайта өршіді
Екі тарап қайта басталған қақтығыстар үшін  бір-бірін айыптап отыр.
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс қайта өршіді
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс қайта өршіді / AP

Екі үкімет те қайта күшейген шекара қақтығысынан кейін Таиланд мен Камбоджада 500 мыңнан астам адамның қауіпсіз аймақтарға қашқанын хабарлады. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың басында болған ұқсас қақтығыстар кезінде эвакуацияланғандардың жалпы санынан асып түсті.

Таиланд Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Сурасант Конгсири баспасөз мәслихатында журналистерге: «Қауіпсіздікке төнген тікелей қатерге байланысты көптеген бейбіт тұрғынды эвакуациялауға тура келді. Жеті уәлаятта 400 мыңнан астам адам қауіпсіз баспаналарға көшірілді. 2025 жылдың шілдесінде болған бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдардың қайталануына жол бермейміз»,- деді.

Камбоджада Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Мали Сочеата журналистерге: «Бес уәлаятта 101 229 адам қауіпсіз баспаналарға және туыстарының үйлеріне көшірілді», - деп хабарлады.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы екі көршілес ел отаршылдық кезіндегі 800 шақырымдық (500 миль) шекара сызбасы бойынша дауласып жатыр. Тарихи ғибадатханаларға деген өзара талаптар қарулы қақтығысқа ұласты.

Осы аптадағы қақтығыстар ˗ президент Дональд Трамптың араағайындығымен жасалған тұрақсыз бітімнен кейін болған ең қанды оқиға. Шілде айында бес күнге созылған қақтығыстар ондаған адамның өліміне және шекараның екі жағында шамамен 300 мың адамның баспанасын тастап кетуіне әкелген еді.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты