САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Иранның «сөйлескісі келетінін» айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон аймаққа авиатасығыш флотын жібергеннен кейін Тегеранның АҚШ-пен бірнеше рет байланысқа шыққанын мәлімдеді.
Трамп Иранның «сөйлескісі келетінін» айтты
Трамп Иранның «сөйлескісі келетінін» айтты / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа авиатасығыш соққы беру тобын қамтитын қосымша әскери күш орналастырғанын, ал Иранның Вашингтонмен келісім жасасуға тырысып жатқанын айтты.

Дүйсенбі күні «Axios» агенттігіне берген сұхбатында Трамп Иранмен арадағы жағдайдың «өзгеріп жатқанын» атап өтіп, Иран маңына «үлкен флоттың» жеткенін білдірді.

Трамп: «Олар келісім жасағысы келеді. Мен мұны білемін. Бірнеше рет қоңырау шалды. Олар сөйлескісі келеді», — деді.

АҚШ «USS Abraham Lincoln» авиатасығыш соққы беру тобын Таяу Шығысқа орналастыру арқылы аймақтағы позициясын нығайтты. АҚШ Орталық қолбасшылығы «Nimitz» класындағы авиатасығыш кеменің аймаққа «аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау» мақсатында барғанын мәлімдеді.

Иран риалдың күрт құнсыздануы мен экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты 28 желтоқсанда Тегеранның Үлкен базарында басталған наразылықтармен шайқалып жатыр. Кейіннен шерулер басқа да бірнеше қалаға тарады.

Трамп егер наразылық білдірушілер өлтірілетін болса, Иранға «қатты соққы берілетінін» бірнеше рет ескерткен болатын, бірақ кейінірек сөзін жұмсартып, Тегеранның жүздеген өлім жазасын тоқтатқанын алға тартты.

Иран билігі АҚШ пен Израильді «қарулы бүлікшілерді» қолдап отыр деп айыптап, АҚШ тарапынан кез келген шабуыл жасалған жағдайда, Иранның «жылдам әрі ауқымды» жауап беретінін ескертті.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді