ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
CENTCOM қаза тапқандардың аты-жөні жақындарына хабар берілгеннен кейін 24 сағат бойы жарияланбайтынын мәлімдеді.
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты / AP

Америка Құрама Штаттарының Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен шабуылдары кезінде қаза тапқан тағы екі сарбаздың мәйіті табылғанын хабарлады.

CENTCOM дүйсенбі күні “X” желісінде жариялаған мәлімдемесінде «2 наурыз күні сағат 16:00 -дағы дерек бойынша, АҚШ-тың алты сарбазы қақтығыс кезінде қаза тапты. АҚШ күштері Иранның аймақтағы алғашқы соққылары кезінде нысанаға алынған нысаннан бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен екі сарбаздың мәйітін тапты», — деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде «ауқымды жауынгерлік операциялардың» жалғасып жатқаны және сарбаздардың кім екендігі туыстарына естіртілгеннен кейін 24 сағат өткен соң ғана ашық жарияланатыны айтылды.

CENTCOM дүйсенбі күні Иранның алғашқы шабуылдарында ауыр жараланған бір сарбаздан кейін АҚШ-тың тағы 4 әскериінің көз жұмғанын хабарлаған болатын. Америкалық “CBS News” телеарнасы АҚШ-тың ресми өкілі мен осы мәселеден хабары бар дереккөзге сілтеме жасай отырып, алты сарбаздың да өткен демалыс күндері Иран жасаған қарымта соққы нәтижесінде Кувейтте қаза тапқанын хабарлады.

Бұған дейінгі мәліметтер сенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға бірлескен шабуылы басталғаннан бері АҚШ-тың 18 сарбазының жараланғанын білдірген еді.

Іздеу
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады