САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады
Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Оңтүстік Азиядағы көршілес елдер арасындағы бейбіт келіссөздер Стамбулда жалғасады. Тараптар атысты тоқтату режимін бақылау және тексеру жүйесін құруға келісті.
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады / TRT World

Ауғанстан мен Пәкістан 6 қарашада Стамбулда бейбіт келіссөздерді қайта бастау және сол уақытқа дейін атысты тоқтату режимін сақтау туралы келісімге келді.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Тараптар атысты тоқтату режимінің жалғасуы жөнінде өзара келісімге келді. Атысты тоқтатудың орындалуына қатысты қосымша қағидалар 6 қарашада Стамбулда өтетін жоғары деңгейдегі кездесу барысында талқыланып, бекітілетін болады», - деп атап өтілді.

Мәлімдемеде тараптардың бейбітшілікті қамтамасыз ететін және келісімді бұзған тарапқа шара қолдануды көздейтін бақылау және тексеру жүйесін құру жөнінде уағдаласқаны айтылған. «Түркия мен Катар араағайын елдер ретінде екі тараптың белсенді қатысуын жоғары бағалайды және тұрақты бейбітшілік орнату мақсатында екі жақпен де ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», - делінген хабарламада.

Ауған және пәкістандық ресми тұлғалар арасындағы келіссөздер Анкара мен Доханың бастамасымен бірнеше күнге созылған араағайындық нәтижесінде Стамбулда аяқталды. Ауған өтпелі үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид екі тараптың келіссөздерді жалғастыру жөнінде ортақ шешімге келгенін айтты.

Доха бұған дейін Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы қақтығыстардан кейін 19 қазанда Катар мен Түркияның араағайындығымен Исламабад пен Кабул арасында келіссөз ұйымдастырған болатын. Сол кезде тараптар атысты тоқтату келісіміне қол жеткізді.

Тараптар өткен апта Стамбулда қайта кездесіп, келіссөздерін жалғастырды. Тұрақты бейбітшілік орнату жолындағы күш-жігер жалғасуда.

Басты шиеленіс көзі – «Техрик-и-Талибан Пәкістан»

Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммад Асиф «Geo News» телеарнасына берген сұхбатында Катар мен Түркияның өтініші бойынша Пәкістанның бейбітшілікке тағы бір мүмкіндік беруге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сондай-ақ түнде елге оралуы тиіс болған Пәкістан делегациясының Стамбулда қалуы сұралғанын атап өтті.

Пәкістан Кеңес Одағы Ауғанстанды басып алған кезде шамамен төрт миллион ауған босқынын қабылдаған болатын. Алайда «Техрик-и-Талибан Пәкістан» сияқты террористік ұйымдардың ел ішінде жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері Пәкістан мен Ауған Талибанының қарым-қатынасын едәуір қиындатты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында 5 пәкістандық сарбаз қаза тапты, 25 террорист өлтірілді

АҚШ жетекшілігіндегі күштер 2021 жылы Ауғанстаннан шыққаннан кейін Ауған Талибаны Кабулда билікке қайта келген еді. Пәкістандық әскери дереккөздерге сәйкес, биылдың өзінде 500-ден астам адам қаза тапқан. Олардың 311-ден астамы әскер. Шабуылдардың басым көпшілігі «Техрик-и-Талибан Пәкістан»  тарапынан жасалған.

Пәкістан Ауғанстанды «Техрик-и-Талибан Пәкістан» террорлық ұйымын өз аумағында паналатып отыр деп айыптауда, алайда Кабул бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

Іздеу
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады