Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Қырғызстанда бензин бағасы едәуір қымбаттаған еді.
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде

Мұнай өнімдерінің 90 пайыздан астамын Ресейден импорттайтын Қырғызстан жылдық 1,5 миллион тоннадан асатын сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеткізу желісін кеңейтуде.

Министрлер кабинетінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Қырғызстан президенті Әкімшілігінің Басшысы әрі Министрлер Кабинетінің Төрағасы Абылғазы Қасымалиевтің төрағалығымен ішкі нарықтағы жағармай жағдайы мен мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланған жиын өтті.

Жиында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралар, жанар-жағармай мен мұнай өнімдерінің импорты, стратегиалық қорларды қалыптастыру және жанармай секторында жұмыс істейтін компанияларға берілетін мемлекеттік қолдаулар туралы баяндамалар жасалды.

Қасымалиев нарықтағы тұрақтылықты сақтау және жеткізу тізбегінде іркілістердің алдын алу үшін процестің жіті бақылауда екенін атап өтті.

Елдегі мұнай өнімдеріне деген жылдық жалпы сұраныстың орташа есеппен 1,5 миллион тоннадан асатынына назар аударған Қасымалиев Ресей, Беларусь, Қытай және Өзбекстанмен белсенді ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын білдірді.

Қасымалиев ықтимал дағдарыстардың алдын алу үшін жаңа импорттық келісімшарттарға қол қоюды тапсырды.

Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Қырғызстанда бензин бағасы айтарлықтай өсіп, кейбір жанармай құю станцияларында бір көлікке ең көбі 30 литрлік сату шектеуі енгізіле бастаған еді.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды