ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада үйінді астынан 99 мәйіт шығарылды
Газа секторының оңтүстігіндегі Сабра ауданында Әбу Шәрия және әл-Хасайине отбасыларына тиесілі ғимараттың үйіндісінен екі отбасының 99 мәйіті шығарылды.
Газада үйінді астынан 99 мәйіт шығарылды
(МҰРАҒАТ) Газада бір үйінді астынан 99 мәйіт шығарылды.

Палестинаның “WAFA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару топтары қаланың оңтүстігіндегі Сабра ауданында Израиль шабуылы салдарынан қираған ғимараттың үйінділерін тазалау жұмыстарын жүргізді.

2023 жылының қазан айы мен 2025 жылы 7 маусымда Израильдің әскери ұшақтары нысанаға алған бұл ғимаратта ондаған адам қаза тауып, олардың басым бөлігі үйінді астында қалып қойған болатын. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 99 адамның мәйіті табылды.

Іздестіру-құтқару топтары техникалық мүмкіндіктердің шектеулілігі мен операцияларды жүргізудегі қиындықтарға назар аударып, Газа секторында Израиль шабуылдары кезінде қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті қалып отырғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады

Газадағы үйінді мәселесі

Израильдің шабуылдары салдарынан Ғазада 50–68 миллион тонна үйінді пайда болды. Шамамен 8 500 адамның мәйіті әлі күнге дейін осы қирандылардың астынан шығарылуын күтіп жатыр.

2025 жылы қазан айында жасалған атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңі ауыр құрылыс техникасының аймаққа жеткізілуін қарастырғанына қарамастан Израиль шекаралық өткелдерді жабық ұстап, қалаға гуманитарлық көмектің жеткізілуіне рұқсат бермей отыр.

Қазіргі жағдайда өңірдегі жалғыз ауыр техникамен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтық қорғаныс қызметі халықаралық қауымдастық қажетті техникалық қолдау көрсеткен жағдайда көптеген жылға созылуы мүмкін бұл үдерісті шамамен үш айдың ішінде аяқтауға болатынын атап өтті.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды