САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ливанда Израиль шабуылдарынан 4 297 адам қаза тапты
Ливан Денсаулық сақтау министрлігі Израиль шабуылдарында жараланғандар саны 12 196 адамға жеткенін хабарлады.
Ливанда Израиль шабуылдарынан 4 297 адам қаза тапты
Ливанда Израиль шабуылдарынан 4 297 адам қаза тапты

Ливан Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 2 наурыздан бері жасаған шабуылдарында қаза тапқандар мен жараланғандар санына қатысты соңғы деректерді жариялады.

2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 4 297-ге жетті. Ал жараланғандар саны 12 196 адам болды.

Израиль өңірдегі атысты тоқтату келісіміне және АҚШ-Иран уағдаластығына қарамастан, шабуылдарын жалғастыруда. Ливанның ресми «NNA» агенттігінің хабарлауынша, Израильге тиесілі дрондар елдің оңтүстігіндегі Жоғарғы Набатия елді мекеніне 1, ал Ятыр елді мекеніне 3 дыбыс бомбасын тастаған.

Израильдің Ливанға шабуылдары және атысты тоқтату үдерісі

Израиль армиясы 2 наурызда Ливанға жаппай әуе шабуылдарын бастап, елдің оңтүстігіндегі бірқатар елді мекенді басып алған еді.

Ливан үкіметі шабуылдар салдарынан ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеген болатын.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп 24 сәуірде жасаған мәлімдемесінде Ливан мен Израиль арасында 17 сәуірде күшіне енген 10 күндік уақытша атысты тоқтату келісімінің тағы 3 аптаға ұзартылғанын хабарлаған еді.

АҚШ-тың арағайындығымен Ливан мен Израиль арасында 14-15 мамырда өткен келіссөздердің нәтижесінде 17 мамырдан бастап атысты тоқтату келісімін 45 күнге ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Иран мен АҚШ Пәкістанның араағайындығымен жүргізілген келіссөздер аясында 14 маусымда соғысты тоқтатуды және тараптар арасындағы мәселелерді келіссөздер арқылы шешуді көздейтін 14 тармақтан тұратын уағдаластыққа қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл уағдаластық соғысты тоқтатуды көздейді.

Ал Вашингтонда Израиль мен Ливан арасында жүргізілген тікелей келіссөздерден кейін 26 маусымда Ливан мен Израиль арасында негіздемелік келісімге қол қойылған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді