МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Лувр мұражайында тарихи жөндеу: «Мона Лизаға» арналған арнайы бөлме
Париждегі Лувр мұражайы ауқымды жөндеу жобасымен үлкен өзгеріске дайындалуда.
Лувр мұражайында тарихи жөндеу: «Мона Лизаға» арналған арнайы бөлме
/ Archivo AFP
28 Ақпан 2025

«Луврдың жаңа ренессансы» деген атаумен жарияланған жоба аясында Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» шедевріне арнайы бөлме салынады. Сонымен қатар Еуропалық Одақ елдерінен (ЕО) басқа елдерден келушілерге кіру ақысы көтеріледі.

«Мона Лиза» үшін арнайы бөлме

Жобаның ең басты ерекшелігі -  Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі «Мона Лиза» туындысы үшін арнайы бөлме салынуында. Мұражай қарбалаңын азайту мақсатында жасалған бұл шара келушілерге картинаны ыңғайлы әрі тәртіппен тамашалауға мүмкіндік береді.

Жаңа кіру бөлімі және модернизация

Жөндеу жұмыстары аясында Сена өзенінің жағасында 2031 жылы ашылуы жоспарланған жаңа есік салынады. Бұл есік мұражайға келушілер санының артуына, мұражай қызметінің жақсаруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұражайдың бұрыннан бар нысандары да жаңартылады.

Қаржы және бюджет

Жобаның құны шамамен 800 миллион еуроны құрайды деп күтілуде. Бұл шығындар билет сату, демеушілік және Луврдың Абу-Даби бөлімшесінен түсетін кіріс есебінен жабылады. Музей өкілдерінің айтуынша шығынның жартысы жаңа есік құрылысына жұмсалады.

Билет бағасының өсуі

Жаңарту жобасы аясында Еуропалық Одақтан тыс елдерден келетін туристер үшін кіру ақысы көтеріледі. Билет ақысынан түсетін пайда мұражайдың тазалық және пайдалану шығындарына жұмсалады.

Құрылымдық мәселелер және оларды шешу жолдары

Лувр мұражайының ескі құрылымына байланысты судың ағуы және температураның өзгеруі сияқты техникалық мәселелері бар. Жөндеу жобасы аясында бұл мәселелер шешіліп, мұражайдың баға жетпес өнер туындылары үшін қауіпсіз орта орнайды. Сонымен қатар ескі пирамида кіреберісі заманауи әрі функционалды есікке ауыстырылып, асхана мен дәретхана да жаңартылады.

Келушілер саны

Лувр мұражайы 2023 жылы 8,7 миллион қонақ қабылдады. Қолданыстағы инфрақұрылым жылына 4 миллион келушіні қабылдауға арналған. Сондықтан жаңарту жобасы келушілер санының артуына қолайлы орта құруды көздейді.

Лувр мұражайындағы бұл күрделі жөндеу жобасы мұражайдың болашағы үшін маңызды. Жоба аяқталғаннан кейін мұражай келушілер мен өнер туындылары үшін жақсы орта болады деп күтілуде.

 

 

Іздеу
Мұнай бағасы артты
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ пен Ресей президенттері сөйлесті
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты
Ұлыбритания жаһандық мұнай қорын босатуды қолдайды
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады