САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран АҚШ-тың ядролық келісімін қабылдамады
АҚШ-пен Иран арасындағы уран байыту, жоғары деңгейде байытылған уранның елден шығарылуы және санкциялардың жойылуы мәселелерінде келіспеушіліктер шешілмеді.
Иран АҚШ-тың ядролық келісімін қабылдамады
/ Reuters

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Тегеран АҚШ-тың «қабылдануы мүмкін емес» болған ұсынысына жауап ретінде жақын уақытта Оман арқылы АҚШ-қа ядролық келісімге қатысты қарсы ұсыныс жасайтынын айтты.

Ирандық дипломаттың айтуынша, АҚШ-тың ұсынысы Иран аумағында уран байыту, Иранның жоғары байытылған уран қорын толықтай шетке шығару және АҚШ санкцияларын жоюға қатысты нақты ілгерілеу ұсына алмады.

«АҚШ-тың ұсынысын қабылдамаймыз. Бұл — бұған дейінгі келіссөздердің нәтижесі емес. Біз өз ұсынысымызды бітіріп, оны Оман арқылы қарсы тарапқа жолдаймыз. Бұл ұсыныс ақылға қонымды, қисынды және теңгерімді», – деді ол.

Бекаи Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің алтыншы кезеңінің нақты күні туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ екенін атап өтті.

Өткен аптада Иран жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи АҚШ-тың ұсынысын ел мүддесіне қайшы деп бағалап, қабылдамады және уран байытуды жалғастыра беретінін хабарлаған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылы алғашқы президенттік мерзімінде Иран мен алты держава арасында 2015 жылы жасалған ядролық келісімді бұзып, Иран экономикасын тығырыққа тіреген санкцияларды қайта енгізген болатын.

Бұған жауап ретінде Иран уран байытуды келісімде белгіленген шектен әлдеқайда асыра жүргізе бастады.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты