ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Рязань облысындағы өнеркәсіп нысандарына шабуыл жасалды
Шабуылдан кейін өнеркәсіп нысандарында өрт шықты.
Рязань облысындағы өнеркәсіп нысандарына шабуыл жасалды
Ресейдің Рязань облысы

Ресейдің Рязань облысының губернаторы Павел Малков ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл салдарынан аймақтағы кейбір өнеркәсіп нысандарында өрт шығып, бір адамның жарақат алғанын хабарлады.

Павел Малков жазбаша мәлімдемесінде түнгі уақытта облысқа көптеген ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасалғанын айтты.

Малковтың айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының сынықтары құлағаннан кейін өнеркәсіп нысандарында өрт шыққан. Сондай-ақ электр желілері зақымданып, Рязань қаласының кейбір аудандарында жарық өшкен.

Губернатор шабуыл салдарынан бір адамның жарақат алғанын, бірнеше тұрғын үйдің зақымданғанын және бір мектептің терезелері сынғанын мәлімдеді. Қазір аймақта шығынды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Роснефть» компаниясының мәліметінше, Ресейдегі ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі саналатын Рязань мұнай өңдеу зауыты жылына 17 миллион тоннадан астам мұнай өңдей алады. Зауытта бензин, дизель отыны және авиациялық жанармай өндіріледі.

Іздеу
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Францияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Солтүстік Корея АҚШ-тың кибершабуылға қатысты айыптауына жауап берді
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
ЕО шетелден жеткізілетін тауарларға қосымша төлем енгізеді
Киркукте IV дәстүрлі анар фестивалі басталды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Францияда қарулы шабуылдан бір адам қаза тапты
Иранда су тасқынынан екі адам қаза тапты