САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинамен жүргізілген тұтқын алмасуға араағайындық еткені үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс білдірді.
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады / Reuters

Ресей мен Украина жаңа әскери тұтқын алмасуы өткенін хабарлады. Екі тарап та 103 әскери қызметкерін қайтарып алды.

Ресей Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Украина тұтқынынан босатылған ресейлік сарбаздардың Беларуське жеткізілгенін және сол жерде оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Министрлік: « Ресейдің 103 тұтқынының орнына Украина Қарулы күштерінің 103 әскері қайтарылды», — деп хабарлап, тұтқын алмасуды ұйымдастыруға араағайындық еткен  Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс айтты.

Нақты ынтымақтастық шектеулі болып отырған бағыт

Украина президенті Владимир Зеленский де бөлек мәлімдеме жасап, тұтқын алмасуын растады. Оның айтуынша, босатылғандардың арасында Украина Қарулы күштерінің, Мемлекеттік шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері бар.

«Бүгін 103 украиналық жауынгер Ресей тұтқынынан босатылып, үйлеріне оралып жатыр. Біз тұтқындалған әрбір әйел мен ер адамды ұмытпаймыз. Барлық азаматымызды елге қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді Зеленский.

2022 жылы басталған соғыс кезеңінде тұтқын алмасу  ̶  Мәскеу мен Киев арасындағы іс жүзінде жалғасып келе жатқан санаулы ынтымақтастық бағыттарының бірі.

Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін де осындай тұтқын алмасуларға араағайындық жасаған. Осы аяда 2026 жылы бірнеше рет тұтқындар алмасу өткізілді.

 

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады