САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
Ормуз бұғазын қайта ашу және АҚШ-тың теңіз блокадасын тоқтату жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде.
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
Шариф АҚШ пен Иранның тарихи Исламабад меморандумына қол қойғанын мәлімдеді (Сурет: МҰРАҒАТ) / Reuters

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату мақсатында АҚШ пен Иран арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, Тегеран Ормуз бұғазын «дереу» қайта ашады, ал Иран порттарына қатысты америкалық блокада «бірден» тоқтатылады деп мәлімдеді.

Шариф X әлеуметтік желісіндегі жазбасында:

«Тарихи “Исламабад меморандумы” дереу күшіне енеді. Алғашқы қадам ретінде Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын бірден қайта ашады, ал Америка Құрама Штаттары теңіз блокадасын дереу алып тастайды», – деп жазды.

Шариф сондай-ақ Катардың қолдауымен Пәкістан жұма күні Швейцарияда осы тарихи оқиғаны атап өту және техникалық деңгейдегі келіссөздерді бастау мақсатында салтанатты рәсім өткізетінін растады. Оның айтуынша, аталған меморандум Вашингтон мен Тегеран арасында электрондық түрде қол қойылған.

Швейцарияда рәсім өтеді

Пәкістан премьер-министрі дипломатияны табанды түрде қолдағаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар ол Иранның Жоғарғы көшбасшысы Мұжтаба Хусейни Хаменеи мен президент Масуд Пезешкианға көрегендігі мен мемлекет қайраткеріне тән ұстанымы үшін ерекше құрметін жеткізді.

Шариф сондай-ақ Түркия, Сауд Арабиясы және Мысырдың үдерістегі маңызды рөлін атап өтіп, Катардың да келіссөздерге сындарлы түрде қатысқанын ерекше атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?