ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Өңірдегі әскери нысандар мен аса маңызды инфрақұрылымдар Йемен шекарасынан ұшырылған дрондар мен баллистикалық зымырандардың шабуылына ұшырап келеді.
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды

Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс бас басқармасы елдің оңтүстігіндегі Хамис-Мушайт, Абха, Жазан және Нажран қалаларында болуы ықтимал қауіптерге байланысты ескерту жариялады.

Басқарманың «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде аталған қалаларда туындауы мүмкін төтенше жағдайларға байланысты дабыл қағылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде тұрғындардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін сақтау үшін төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындауы және құзырлы органдардың нұсқаулары мен ескертулерін мұқият қадағалауы қажет екені атап өтілді.

Алайда қауіп туралы ақпарат берілген жоқ.

Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясының Йемендегі хоуситтерге қарсы әскери операцияларына жауап ретінде хоуситтер Сауд Арабиясының шекаралық аймақтары мен оңтүстік өңірлерін жиі нысанаға алып келеді.

Өңірдегі әскери нысандар мен аса маңызды инфрақұрылымдар Йемен шекарасынан ұшырылған дрондар мен баллистикалық зымырандардың шабуылына ұшырауда.