ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Рим Папасы Лео Рождество қарсаңында понтифик ретінде алғашқы мессасын өткізді
Рим Папасы XIV Лео осы мүмкіндікті пайдаланып, материализмді сынға алып, Шіркеудің ескі дәстүрлеріне оралуға белгі берді.
Рим Папасы Лео Рождество қарсаңында понтифик ретінде алғашқы мессасын өткізді
Рим Папасы Лео Рождество қарсаңында понтифик ретінде алғашқы мессасын өткізді / Reuters

Рим католик шіркеуінің басшысы Папа XIV Лео сәрсенбі күні алғаш рет Рождество кешіндегі мессасына төрағалық жасады.

Рәсім Ватикандағы Әулие Петр базиликасында өтті және кардиналдар, епископтар, рухани қызметкерлер, Ватиканға аккредиттелген дипломатиялық өкілдер мен көптеген шақырылған қонақ қатысты.

21 сәуірде Папа Франциск қайтыс болғаннан кейін 8 мамырда 267‑ші папа ретінде кардинал Роберт Фрэнсис Превост сайланып, оған XIV Лео деген ат берілген еді.

Мессада сөйлеген сөзінде Папа Лео материализмді сынап, бұрмаланған экономика адамдарға тауар секілді қарайтынын мәлімдеді.

Мессаға дейін ол Әулие Петр базиликасының алдындағы алаңға жиналған сенушілермен амандасып, оларды Рождествомен құттықтады.

Өзінің алдындағы Пападан өзгеше Лео Рождество кешіндегі мессаны салыстырмалы түрде кешірек, түн ортасына жақын бастап, ұзақ өткізгені байқалды.

БАҚ бұл қимылды белгілі дәрежеде ескі дәстүрлерге оралу деп түсіндірді.

Бейсенбі күні Рождестволық мессадан кейін Папа Әулие Петр базиликасынан дәстүрлі "Urbi et Orbi" ("Қалаға және Әлемге") жолдауын жасайды және жаһандық мәселелер жөнінде үндеу айтады.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті