ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті
Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы аясында екіжақты қарым-қатынастардың институционалдық деңгейде талқыланғанын және өңірлік мәселелердің қаралғанын мәлімдеді.
Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті
Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті / Reuters

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан “Nsosyal” желісіндегі парақшасында Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысына қатысты жазба жариялады.

Фидан Фейсал бен Фарханмен бірге отырысқа төрағалық еткендерін атап өтіп, министрліктер мен мекемелердің қатысуымен сауда, энергетика, қорғаныс, білім беру, мәдениет, туризм және көлік секілді стратегиялық салалардағы комитеттердің жұмысын бағалағандарын, әрі екіжақты байланыстарды институционалдық негізде қарастырғандарын айтты.

Фидан: «Газамен қатар өңірлік мәселелер де талқыланған жиын барысында «Дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісімге қол қойылды», - деді.

Министр Хакан Фидан бұл келісімнің екі ел үшін де пайдалы болуын тіледі. Сондай-ақ Фейсал бен Фархан мен оның делегациясына алғыс білдірді.