ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирияда Башар Асад режимінің химиялық қару бағдарламасына тиесілі қорлар анықталды
Қауіпсіздік күштері заңсыз химиялық қару желісімен байланысы бар жоғары лауазымды әскери шенеуніктер және зерттеу мамандарымен бірге 18 адамды қамауға алды.
Сирияда Башар Асад режимінің химиялық қару бағдарламасына тиесілі қорлар анықталды
Сирияда Башар Асад режимінің химиялық қару бағдарламасына тиесілі қорлар анықталды / AP

Сирия билігі Башар Асад режимінің химиялық қару бағдарламасына қатысты қалдықтарды анықтады. Сирияның Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы өкілдіктің мәліметінше, олардың арасында Шығыс Гута мен Хамадағы бұрынғы химиялық шабуылдарда қолданылғанға ұқсас оқ-дәрілер де бар.

Сирияның «SANA» агенттігінің мәліметінше, жүргізілген іздестіру және тергеу жұмыстары бағдарламамен байланысты нысандарды анықтауға мүмкіндік берген.

Мәлімдемеге сәйкес қауіпті заттар бойынша маманданған сириялық топ бұрынғы режимнің 2013 және 2017 жылдардағы шабуылдарда пайдаланылған оқ дәрілерге ұқсас әуеден тасталатын және жерден жерге атылатын оқ-дәрілерді тапқан.

Билік өкілдері сондай-ақ зарин газын өндіруге қолданылған материалдарды, араластыру және сақтау жабдықтарын, сонымен қатар әлі де сараптамадан өтіп жатқан басқа да химиялық заттарды тәркіледі.

Қауіпсіз нысандар

Сирияның Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы өкілдік тәркіленген барлық оқ-дәрі, жабдықтар мен заттардың өкілдіктің техникалық хатшылығына қарасты инспекциялық топтың тексеруінен кейін химиялық заттарды сақтау үшін арнайы белгіленген нысандарға жеткізілгенін хабарлады.

Мәлімдемеде 2017 жылы Хама уәлаятындағы Латамне аймағына жасалған шабуылда қолданылғанға ұқсас 54 әуе бомбасы мен 2013 жылы Шығыс Гута шабуылында пайдаланылғанға ұқсайтын оқ-дәрі анықталғаны айтылды.

Сирия билігі сондай-ақ бұрынғы режимнің химиялық қару бағдарламасымен байланысы бар 18 күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.

Қамауға алынғандардың арасында жоғары лауазымды әскери тұлғалар, Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер орталығының бұрынғы мамандары, сондай-ақ химиялық қару бағдарламасына жауапты қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері бар екені хабарланды.

Башар Асад режимі Сириядағы азаматтық соғыс кезінде химиялық қару қолданғаны үшін халықаралық ұйымдар мен батыс елдері тарапынан бірнеше рет айыпталған болатын.

Іздеу
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Израиль күштері құрбан айт қарсаңында Батыс Шерияның оңтүстігіне рейд жүргізді
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды
ДАИШ-тің 10 содыры Түркияға жеткізілді
Иран АҚШ-тың Ливандағы елшісіне салған санкцияларын айыптады
Трамптың Иранға қарсы әскери әрекеттеріне шектеу қою туралы бастамаға дауыс беру тоқтатылды
Сауд Арабиясы қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрон мен жасанды интеллектіні қолдануда
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады”
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды