СПОРТ
2 ... минут оқылды
Катар 2036 жылғы Олимпиада ойындарына өтінім берді
Парсы шығанағындағы ең шағын әрі ең бай мемлекеттердің бірі саналатын Катар 2022 жылғы FIFA әлем чемпионатын да ұйымдастырған болатын.
Катар 2036 жылғы Олимпиада ойындарына өтінім берді
/ AP

Доха қаласы 2036 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде үміткер екенін мәлімдеді. Билік өкілдері сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл Парсы шығанағындағы елдің энергетикаға негізделген экономикасын әртараптандыру мақсатында тағы бір ірі спорттық іс-шараны өткізуді көздеп отырғанын айтты.

Премьер-министр және Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Сани Катар таңдалған жағдайда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада Олимпиада ойындарын өткізген алғашқы ел болатынын ерекше атап өтті.

Катардың ресми ақпарат агенттігі жариялаған мәлімдемеде әл-Санидің: «Катар Олимпиада комитеті (QOC) ұсынған 2036 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қабылдауға арналған ресми өтінім — елдің даму жолындағы жаңа кезеңнің бастамасы», - деген сөзі келтірілген.

Сондай-ақ ол «Бұл өтінім Катардың әсіресе 2022 жылғы FIFA әлем чемпионаты сияқты ірі халықаралық спорттық іс-шараларды сәтті ұйымдастыра алған тәжірибесіне сүйене отырып жасалды», - деп мәлімдеген.

Алайда кейбір адам құқықтарын қорғау ұйымдары 2022 жылғы чемпионат алдында Катарда мыңдаған жұмыскер мигрант қаза тапқанын алға тартқан. Ал Доха бұл жобалар аясында 37 жұмысшының қаза тапқанын, оның үшеуі ғана жұмысқа байланысты жазатайым оқиға нәтижесінде көз жұмғанын жариялаған.

Катар Олимпиада комитетінің төрағасы Шейх Жоаан бен Хамад әл-Сани Доха «спортты ұлттық стратегияның басты тіректерінің біріне айналдырғанын» айта отырып, «Ойындарды өткізу үшін қажетті спорт инфрақұрылымының 95 пайызы қазірдің өзінде дайын, ал барлық нысандардың 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты ұлттық жоспарымыз бар», - деді.

Қазіргі ереже бойынша елдер Олимпиадаға үміткерлігін көпшілікке жариялауға міндетті емес.

Ойындар әр маусым сайын құрлықтар арасында кезектесіп өткізіледі. 2024, 2028 және 2032 жылдардағы Олимпиадалар тиісінше Еуропа, Солтүстік Америка және Океанияда ұйымдастырылуына байланысты 2036 жылғы Олимпиаданың Азияда немесе алғаш рет Африкада өту ықтималдығы жоғары.

Ал келесі Олимпиада ойындарының қай елде өтетіні туралы шешім Халықаралық Олимпиада комитетіне (IOC) өткен айда сайланған алғашқы әйел президент Кирсти Ковентридің алғашқы маңызды міндеті болмақ.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады