Сомали премьер-министрі аппаратының Коммуникация және қоғаммен байланыс директорының орынбасары Насра Башир Али шеруге қатысты бейнежазбаларды өзінің ресми “Facebook” парақшасында бөлісті.
Али өз жазбасында: «Түркия Республикасының Сомалидің жанынан табылып, елге көрсеткен қолдауына алғыс білдіру мақсатында түрлі аймақтарда шерулер өтуде. Рақмет саған, Түркия», — деген сөздерге орын берді.
Бөлісілген бейнежазбаларда арасында көптеген әйелдер де бар қатысушылардың трибуналарды толтырып, Түркия мен Сомали туларын ұстап тұрғаны көрінді.
Шерушілер үлкен түрік туын жайып, Түркияның Сомалиге көрсеткен қолдауы үшін өз алғыстарын білдірді.






















