ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Путин мен Шара Мәскеуде кездесті
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде келіссөз басталар алдында Сирия президенті Ахмед Шараға Ресейдің екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Путин мен Шара Мәскеуде кездесті
Путин мен Шара Мәскеуде кездесті / AFP

Сирия президенті Ахмед Шара Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Дамаск Ресеймен тарихи және стратегиялық қатынастарды қайта жаңғыртуға дайын екенін айтты.

Шара сәрсенбі күні өткен кездесуде:«Біз бұрын жасалған барлық келісімдерге және Ресеймен ортақ тарихымызға құрметпен қараймыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қайта айқындайтын боламыз», – деді.

Сирия басшысы: «Ресеймен тығыз байланыстамыз, әрі Сирияның энергетика секторының басым бөлігі ресейлік мамандардың тәжірибесіне сүйенеді», – деп қосты.

Владимир Путин Шараны осы айдың басында Сирияда өткен парламент сайлауымен құттықтап, Ресейдің Сириямен қатынастарды одан әрі тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді. Путин сондай-ақ Кремльде Шараны қарсы алу кезінде Сирия мен Ресей арасындағы ондаған жылға созылған ерекше қатынастарды жоғары бағалап, «Ондаған жыл бойы екі ел арасында ерекше қатынастар қалыптасты», – деді.

Башар Асадтың қайтарылуы

Сириялық үкімет өкілі «AFP» агенттігіне берген мәлімдемесінде, Шараның төңкерістен кейін Ресейді паналаған Башар Асадтың Сирияға қайтарылуын талап етуді жоспарлап отырғанын айтты. Екі көшбасшы Ресейдің Сириядағы әскери базаларының болашағын талқылайтынын растады.

Кремль Асад билігі күйгереннен кейін ертеңіне Башар Асад пен отбасына Ресейді паналау құқығы берілгенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Кремль Мәскеуде өтетін келесі кездесуде екі мемлекет басшысының Сириядағы ресейлік әскери нысандардың жағдайын талқылайтынын мәлімдеді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков баспасөз мәслихатында журналистерге: «Бұл мәселе келіссөзде көтерілетіні айқын. Бұл күтілетін жағдай», – деді.

Қазіргі таңда Ресейдің Сирия аумағында екі әскери базасы бар: Тартустағы теңіз базасы және Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Хмеймим әуе базасы.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты