САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Елдің Қылмыстық кодексіне енгізілетін өзгерістер аясында есірткі тасымалдау, кәмелетке толмағандарды зорлау, адамзатқа қарсы қылмыстар және соғыс қылмыстары өлім жазасы қолданылатын қылмыстар қатарынан алынып тасталмақ.
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда / Reuters

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, Вьетнам үкіметі бейсенбі күні парламентке ұсынылған Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасында есірткі тасымалдау және кәмелетке толмағандарды зорлауды қоса алғанда, алты қылмыс түрі бойынша өлім жазасын алып тастауды ұсынды.

Қоғамдық қауіпсіздік министрі Лыонг Там Куанг Ұлттық мәжілісте сөйлеген сөзінде заң жобасына сәйкес өлім жазасы тек төрт қылмыс түрі мемлекетке опасыздық жасау, кісі өлтіру, терроризм және есірткіні заңсыз өндіру үшін сақталатынын мәлімдеді.

Министрлік осы аптаның басында жасаған мәлімдемесінде өлім жазасы қолданылатын қылмыстар аясын қысқарту Партия саясатын заңнамалық тұрғыдан бекітіп, құқық саласындағы озық үрдістерге сай келетінін, сондай-ақ Вьетнамның қылмыстық құқық саласындағы сот ынтымақтастығы, қылмыскерлерді экстрадициялау және өзара құқықтық көмек мәселелеріндегі ұстанымын нығайтатынын атап өтті.

Бұл ұсыныс 2025 жылдың шілдесінде күшіне енген мемлекет қаржысын жымқыру мен үкіметті құлатуға бағытталған әрекеттерді қоса алғанда сегіз қылмыс түрі бойынша өлім жазасын жойған өзгерістерден кейін жасалып отыр.

Осы өзгерістер 12 миллиард долларлық алаяқтық ісі бойынша сотталған жылжымайтын мүлік магнаты Чыонг Ми Ланның өлім жазасына кесілуіне тосқауыл болды.

«VnExpress» интернет-басылымының хабарлауынша, заң жобасында өлім жазасы қолданылмайтын өзге қылмыстардың қатарында бүлік шығару, адамзатқа қарсы қылмыстар және соғыс қылмыстары да бар.

Ұлттық мәжіліс заң жобасын алдағы апталарда талқылап, қазан айында басталатын келесі сессияда дауысқа салуі мүмкін. «Tuoi Tre» газетінің мәліметінше, жаңартылған Қылмыстық кодекс мақұлданған жағдайда 2027 жылдың наурызында күшіне енеді.

Вьетнамда өлім жазасына қатысты деректер мемлекеттік құпия саналады. Сондықтан қазіргі уақытта елде қанша адамның өлім жазасының орындалуын күтіп отырғаны белгісіз. 2011 жылы ату жазасы жойылғаннан кейін елде өлім жазасын орындаудың жалғыз тәсілі ретінде өлімге әкелетін инъекция қолданылып келеді.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты