ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Владимир Путин «Аккую» атом электр станциясының алғашқы энергоблогы биыл іске қосылатынын мәлімдеді.
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Президент Ердоған Ресей президенті Путинмен кездесті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан астанасы Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында кездесті.

Кездесу барысында Владимир Путин Түркияның сыртқы саясат пен экономика салаларында Ресейдің айрықша серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, «Бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі — «Аккую» атом электр станциясы. Станцияның алғашқы энергоблогын биыл іске қосуды жоспарлап отырсыздар. Бұл жоспар жүзеге асады», — деді.

Путин Түркиямен мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық әлеуетінің де жоғары екенін айтып, «Түркияға келетін ресейлік туристер саны артып келеді. Өткен жылы Түркияға 7 миллионға жуық ресейлік турист барды», — деді.

Президент Ердоған: «Бүгінде Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда өте жоғары деңгейге жетті. Түркия үшін ресейлік туристердің маңызы ерекше. Қазіргі таңда Анталияға келетін туристердің елеулі бөлігін Ресейден келген қонақтар құрайды. Сонымен қатар құрметті президент жаңа ғана атап өткендей, Түркия-Ресей қатынастарында «Аккую» атом электр станциясының маңызы зор. [...] Ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында да берік ынтымақтастығымыз бар», — деді.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады