САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия Золингендегі қасақана өрт құрбандарын 32 жылдығында еске алды
1993 жылы Германияның Золинген қаласында әсіре оңшыл топтар қасақана өрт қойған үйде бес түрік азаматы қаза тапқан болатын.
Түркия Золингендегі қасақана өрт құрбандарын 32 жылдығында еске алды
/ AA

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде
«Золингенде 32 жыл бұрын болған нәсілшілдік шабуылында қаза тапқан бес азаматымызды құрметпен еске аламыз», - деп хабарлады.

Министрлік сондай-ақ шабуылда екі қызы, екі немересі және бір жиенінен айырылып, кейін сабырлық пен татуласуға үндеуімен Германияда татулықтың нышанына айналған Мевлүде Генчті де құрметпен еске алды. 2022 жылы өмірден өткен Мевлүде Генч Германияда  «Дана Ана» деп аталады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Осы орайда Мевлүде Генчті тағы да құрмет және ризашылықпен еске аламыз», -деп білдірді.

Нәсілшілдік пен исламофобияға қарсы күрес

Мәлімдемеде Түркияның «күшейіп келе жатқан нәсілшілдік, ксенофобия және исламға қарсы көзқарастармен барлық алаңда күресті жалғастыратыны» ерекше атап өтілді.

1993 жылғы 29 мамырда жасы 16-дан 23-ке дейінгі төрт әсіре оңшыл неміс жасөспірімі Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағындағы Золинген қаласында тұратын түрік текті Генч отбасының үйін өртеп жіберген болатын. Шабуылда бес адам қаза тауып,  14 адам жарақат алған.

Шабуыл жасағандардың үшеуі 10 жылға, ал төртіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұл қасақана өрт Германияны терең күйзелтіп, халықаралық айыптауларға себеп болды. Сондай-ақ ел ішінде нәсілшілдік пен интеграцияға байланысты қызу пікірталастар өршіді.