Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Палестина Мемлекетінің құрылғанына 38 жыл толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Президент Ердоған барлық мінберде Палестина күресін барынша пәрменді түрде қорғайтындарын атап өтіп, былай жазды:
«Дос әрі бауырлас Палестина Мемлекетінің құрылғанына 38 жыл толуымен құттықтай отырып, зұлымдық пен залымға қарсы абыройлы тойтарысын жалғастырып келе жатқан қаһарман Палестина халқына сәлемім мен ыстық ықыласымды жолдаймын. Түркия ретінде Палестина күресін барлық мінберде барынша пәрменді түрде қорғауды; 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егемен әрі аумақтық тұтастығы сақталған Палестина мемлекетінің құрылуы жолында табандылықпен күресуді жалғастырамыз. Палестина халқының еркін әрі бақуатты болашаққа қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндігімізбен жұмыстануды жалғастыра береміз».





















