САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Қытай агенттігі АҚШ-тың қара тізіміне енгізілген Газпромға "AAA" рейтингін берді
Ресей мен Қытай "Сібірдің Күші 2" құбырына рұқсат бергеннен кейін кәсіпорынға "AAA" рейтингі берілді.
Қытай агенттігі АҚШ-тың қара тізіміне енгізілген Газпромға "AAA" рейтингін берді
/ Reuters

Қытайдың “CSCI Pengyuan” рейтинг агенттігі жұма күні АҚШ-тың санкциясына ұшыраған ресейлік мұнай алыбы Газпромға ішкі «AAA» рейтингін берді. Жергілікті БАҚ Қытайдың ресейлік ірі энергетикалық компанияларға ішкі облигациялар нарығын қайта ашуға дайындалып жатқанын хабарлады.

«Газпромның рейтингі оның стратегиялық маңыздылығы және Ресей үкіметімен заңды байланыстарын көрсетеді», – деп мәлімдеді “CSCI Pengyuan”.

Агенттік компанияның несие профилі «әлемдік мұнай-газ саласындағы нарық көшбасшыларының бірі ретіндегі мықты бизнес профиліне және Ресейдің энергетикалық нарығындағы маңызды орнына негізделгенін» атап өтті.

Тұрақты болжам мен «AAA» рейтингі Ресей мен Қытай «Сібір күші 2» құбыр жобасына рұқсат бергеннен бірнеше күн өткен соң жарияланды.

Газпром бұл мәлімдемені өткен аптада Ресей Президенті Владимир Путиннің Қытайға сапары кезінде жариялады.

“Financial Times” газетінің хабарына қарағанда, өткен айдың соңында Қытайдың жоғары деңгейдегі қаржы реттеушілері ресейлік энергетикалық компаниялардың басшыларына юаньмен «панда облигацияларын» сату жоспарларын қолдайтынын мәлімдеді.

Компаниялар әдетте Қытайда облигация сатудан бұрын несие рейтингін алады.

Алайда “CSCI Pengyuan” Газпромға қатысты «жоғары геосаяси тәуекелдерді» атап өтті. Компания 2022 жылы Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін АҚШ санкцияларына ұшырады.

«Санкциялар мен геосаяси өзгерістер компанияның қызметіне кері әсерін тигізіп, 2023 жылы газ экспортының табысы мен көлемінің төмендеуіне әкелді», – деді рейтинг агенттігі.

«Геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты операциялық белгісіздіктер сақталуда», – деп те айтылды.

Аталмыш агенттік Ресей Федерациясына толық тиесілі орта деңгейлі мұнай өндіруші компания Зарубежнефтьке де өткен ай «AAA» несие рейтингін берген еді.

Іздеу
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
COP31 саммитіне 6 құрлықтан 102 көшбасшы қатысады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді
Иран: «Араағайын елдермен келіссөздер жалғасып жатыр»
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Франция: «Еуропа Абу-Дабидегі Ресей–Украина келіссөздеріне қатысады»
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді