ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Трамп Таяу Шығыс сапары аясында Түркияға келуді жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп апта басында «Түркиямен және оның президентімен өте жақсы қарым-қатынастамын»,- деді.
Трамп Таяу Шығыс сапары аясында Түркияға келуді жоспарлап отыр
/ TRT World

«CNN Arabic» арнасының хабарлауынша АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы айда Таяу Шығыстағы сапар бағдарламасына Түркияны қосуды жоспарлап отыр.

Бейсенбі күні «CNN» арнасына сұқбат берген Ақ Үйдің жоғары лауазымды өкілі мен жоспармен таныс екі сенімді дереккөздің айтуынша Трамптың ықтимал сапары Сауд Арабиясына, Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарынан кейін болады. Дереккөздер әзірге нақты шешім қабылданбағанын және егжей-тегжейлер нақтыланып жатқанын айтты.

Түркиямен жақсы қарым-қатынас

Ақ Үйдің жоғары лауазымды шенеунігі «CNN» арнасында Трамптың Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен соңғы телефон қоңырауында ықтимал сапарды талқылағанын атап өтті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша АҚШ президенті сапар барысында Израильге баруды жоспарламаған. Ақ Үй «Анадолы» агенттігінің мәселеге қатысты сауалына әлі жауап берген жоқ. Трамп бұған дейін де Ердоғанмен қарым-қатынасы туралы оң пікір білдірді. Трамп осы аптаның басында Ақ Үйде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бірге журналистерге «Мен Түркиямен және оның президентімен өте жақсы қарым-қатынастамын», -  деген болатын.

Трамп «Түркия Сириядағы Башар Асад билігін күйретті» деген өз сөзіне сілтеме жасап, Ердоғанды ​​«Ешкім жасай алмайтын нәрсені жасаған қатал және өте ақылды адам» деп сипаттады.

Егер бұл сапар жүзеге асса, бұл Трамптың президент ретінде Түркияға жасаған алғашқы сапары болмақ. Түркияға одан бұрын Джордж Буш 2004 жылы, Барак Обама 2009 және 2015 жылдары келген болатын.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы