ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылы салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды
Зеленскийдің бас көмекшісі бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды тоқтату керек екенін айтты.
Ресейдің Киевке жасаған шабуылы салдарынан кемінде  9 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды
/ Reuters

Украинадағы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше бейсенбі күні таңертең Киевке жасалған жаппай зымыран шабуылы салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды. Бұл үш жылдық соғыс барысында ел астанасына жасалған ең ауыр шабуылдардың бірі болды.

Украина билігі зымыран шабуылы туралы ескерту жариялады, ал «AFP» журналистері Киевте бірнеше жарылыс дауысын естіді. Украина төтенше жағдайлар қызметі «Telegram» аккаунтында «Ресей Киевке үлкен шабуыл жасады», – деп жазды. «Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғыз адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды», – делінген хабарламада. Сонымен қатар 42 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың алтауы балалар.

Киевтің бес ауданына зақым келтірілген, оның ішінде гараждар мен әкімшілік ғимараттарында өрт шығып, кейін сөндірілген. Төтенше жағдайлар қызметі шабуылдың тұрғын үйлерге де зиян келтіргенін айтты. «Қираған ғимарат үйінділерінен адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

«AFP» тілшісі әуе шабуылы туралы ескертуден кейін көпқабатты үйдің жертөлесіндегі бомбадан қорғану орындарына оннан астам тұрғынның жиналғанын айтты.

Киевке соңғы рет сәуір айының басында зымыран шабуылы жасалып, кемінде үш адам жарақат алған болатын. 2022 жылдың ақпанында Ресей шабуылдары басталғаннан бері қалаға оқтын-оқтын шабуылдар жасалып келеді.

Украинаның шығысында орналасқан Харьков қаласын бейсенбі күні таңертең жеті зымыран шабуылдағанын қала мэрі Игорь Терехов мәлімдеді. Кейінірек ол қаланың бір түнде екінші рет зымырандармен шабуылға ұшырағанын айтты. «Соңғы соққылардың бірі халық көп қоныстанған ауданды зақымдады... Екі адам жарақат алды. Соққы жасалған орындарды тексеру жұмыстары жалғасуда. Қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз», – деді Терехов.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті