ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
Президент Ердоған IX Стамбул медиация конференциясына бейнеүндеу жолдады.
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
(МҰРАҒАТ) Президент Ердоған: «Әділ шешімдер үшін арағайындық жасауды жалғастырамыз»

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Түркия ретінде біз сенімсіздікке негізделген халықаралық саясат ұстанымын қабылдамаймыз», – деп мәлімдеді.

Президент Ердоған IX Стамбул медиация конференциясына бейнеүндеу жолдады.

Өз үндеуінде дипломатиядан бас тартпаудың маңыздылығына тоқталған Ердоған әлемдегі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз жаһандық деңгейде қақтығыстар көбейіп, шиеленістер күшейіп, халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдарға деген сенім әлсіреген кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Осындай жағдайда Түркия тараптар бір-бірімен сөйлеспей, үміт азайған сәттердің өзінде дипломатиядан ешқашан бас тартпауды басты қағидасына айналдырды», – деді ол.

Ердоған Түркияның халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған бастамаларына да тоқталды.

«Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасудан бастап, Африка құрлығындағы бітімгерлік күш-жігерімізге дейін кең географиялық аумақта қол жеткізген нәтижелеріміз арқылы бүгінде де бейбітшілікке жол ашуға ұмтылып келеміз», – деді Түркия президенті.

Сонымен қатар Ердоған «Әлем бестен үлкен» деген ұстанымын тағы бір мәрте қайталап, Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі құрылымын сынға алды.

«Бүгінде Палестина, Ливан, Судан және басқа да дағдарыс аймақтарында Біріккен Ұлттар Ұйымына үміт артқан миллиондаған адам үлкен көңіл күйзеліске ұшырап отыр. Бір нәрсе анық: 190-нан астам елдің еркі бес мемлекеттің қалауына тәуелді болатын жүйені әділетті деп атауға болмайды. Мұндай құрылым толыққанды сенім қалыптастыра алмайды», – деді ол.

Президент Ердоған Түркияның халықаралық мәселелерді шешуде дипломатиялық диалог пен өзара сенімге басымдық беретінін атап өтті.

«Түркия ретінде біз сенімсіздікке негізделген халықаралық саясат ұстанымын қабылдамаймыз. Тіпті ең күрделі келіспеушіліктердің өзінде дипломатияға жол ашатын мүмкіндік бар екеніне сенеміз. Ең бастысы – сол мүмкіндікті сақтап қалуға қажетті ерік-жігер, батылдық пен шынайылық таныту. Осы бағытта біз бейбітшілік орнату үшін тараптарды келіссөз үстеліне жинауды, әділ шешімдерге қол жеткізу мақсатында делдалдық жасауды және жауапкершілік алуды жалғастырамыз», – деді Ердоған.

Іздеу
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді