ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Армения премьер-министрінің Түркияға «тарихи» сапары
Ереван «аймақтық бейбітшілік жолындағы тарихи қадам» деп сипаттаған бастама аясында Никол Пашинян Түркияға келеді деп күтілуде.
Армения премьер-министрінің Түркияға «тарихи» сапары
Armenian Prime Minister Pashinyan to visit Türkiye / AA

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «X» платформасында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 20 маусымда Түркияға жұмыс сапарымен келетінін хабарлады.

Сапар аясында президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда Пашинянды қабылдайды деп күтілуде. Алтун мәлімдемесінде «Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2025 жылдың 20 маусымында елімізге жұмыс сапарымен келеді. Президентіміз Режеп Тайып Ердоған Пашинян мырзаны Стамбулда қабылдайды»,- деді.

Армениядан мемлекет басшысы деңгейінде Түркияға жасалатын алғашқы сапар болғандықтан бұл сапар маңызды бетбұрыс ретінде бағалануда.

Кездесудің маңыздылығына тоқталған Армения парламентінің төрағасы Ален Симонян «Аймақтағы барлық мәселелер талқыланады», - деді. Симонян Әзербайжанмен арадағы шиеленістерге қатысты алаңдаушылыққа тоқталып, «Қазіргі таңда (Әзербайжанмен) соғыс қаупі ең төменгі деңгейде және біз бұл тәуекелдерді толығымен жою үшін жұмыс істеуіміз керек. Пашинянның Түркияға сапары осы бағыттағы қадам»,- деді.

Бұл сапар екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсартуға және жалғасқан аймақтық қақтығыстарды шешуге бағытталған күш-жігерін көрсетеді. Бақылаушылар бұл сапарды Оңтүстік Кавказ аймағындағы шиеленісті бәсеңдетудегі бір үміт оты деп бағалауда.

Пашинянның сапарынан бір күн бұрын, бейсенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияға келіп, Ердоғанмен келіссөздер жүргізді.  Әлиев Түрік-Әзербайжан одағын «аймақтық қана емес, жаһандық ауқымдағы маңызды фактор» деп сипаттады.

Ал Ердоған Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік орнатуды қолдайтынын қайталады.

Пашинян Түркияға 2023 жылы Ердоғанның инаугурациясына қатысу үшін бір-ақ рет келген. Сол кезде ол Түркияның қайта сайланған президентін құттықтаған алғашқы шетелдік көшбасшылардың бірі болған.

Анкара мен Ереван 2021 жылдың соңында Арменияның Әзербайжаннан жеңілуінен кейін бір жыл өткен соң, қалыпқа келу процесін жүргізу үшін арнайы өкілдер тағайындады.

2022 жылы Түркия мен Армения екі жылдық үзілістен кейін коммерциялық рейстерді қайта бастады.

Іздеу
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті
Хакан Фидан: "Біздің тілегіміз - Иран мен Америка келісімге тезірек қайта оралсын"
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
15 шілдеден кейінгі сыртқы саясат және Түркияның келешекке арналған стратегиялық бағдары
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
Министр Фидан: «Украинаға сапарымыз өте нәтижелі өтті»
Ресей Түркияға алғыс айтты
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Иран күштері: «Бахрейндегі АҚШ базасына шабуылдадық»