ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Жапония Израильге ескерту жасады
Жапония Израильдің Палестинада екі мемлекет шешіміне апаратын жолды бөгейтін әрекет жасауы жағдайында «жаңа шаралар қолдануды және жауап беруді қарастыратынын» ескертті.
Жапония Израильге ескерту жасады
/ Reuters

Жапония Израильдің Палестинада екі мемлекет шешіміне апаратын жолды бөгейтін әрекет жасауы жағдайында «жаңа шаралар қолдануды және жауап беруді қарастыратынын» ескертті.

Нью-Йоркте өткен Палестинаға қатысты БҰҰ конференциясында сөйлеген Сыртқы істер министрі Такеши Ивая: «Жапония Палестина халқының өз тәуелсіз мемлекетін құруға деген ұмтылысын толық қолдайды», – деді.

Ол сондай-ақ: «Егер Израиль екі мемлекет шешімінің жүзеге асуына апаратын жолды бөгейтін әрекеттерін жалғастыра берсе, Жапония жаңа шаралар қабылдауға және жауап беруге мәжбүр болады», – деп қосты.

Токионың ұзақ уақыттан бері екі мемлекет шешімін қолдап келе жатқанын атап өткен Ивая: «Менің елім үшін Палестина мемлекетін мойындау мәселесі – мойындап, мойындамайтынымыз емес, қашан мойындайтынымыз», – деді.

Соңғы апталарда Аустралия, Канада, Ұлыбритания, Франция, Бельгия және басқа да көптеген ел Палестинаны ресми түрде мойындағанына қарамастан Жапония әзірге Палестинаны мойындау туралы шақыруларға қарсы шығып отыр.

Сындарлы кезең

Ивая: «Газадағы гуманитарлық дағдарыстың күрт ушығуы, Батыс Шериядағы заңсыз қоныстану қызметінің кеңеюі және аннексияға бағытталған қадамдар мүлдем қабылданбайды», – деді.

Ол сөзін жалғастырып, «Жапония бұл әрекеттерді қатаң айыптайды және Израильді мұндай біржақты барлық әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырады», – деді. Жағдайдың «екі мемлекет шешімінің негізін қауіпке тіккен сындарлы әрі алаңдатарлық кезеңге» жеткенін ескертті.

Израиль басып алған Батыс Шерияны қалпына келтіруге Жапонияның жасаған «нақты үлесіне» назар аударған Ивая Токионың «жан-жақты келіссөздерді одан да үлкен байыптылықпен жалғастыратынын» айтып, Палестинаның «Израильмен тұрақты түрде бейбіт өмір сүре алуы» қажеттігіне тоқталды.

Шілде айында Жапония басып алынған Батыс Шерияда палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылыққа қатысы бар төрт израильдік қоныстанушыға алғаш рет санкция салды.

Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылардан бір күн бұрын және БҰҰ зерттеушілерінің Израильдің 2023 жылғы қазаннан бері Газада 65 300-ден астам палестиналықты өмірін қиып, геноцид жасағаны жөнінде қорытындысынан бірнеше күннен кейін өтті.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Израильдік шенеунік: «Мекке келісімі Израильге қарсы жасалды»
Ресейдің Украинаға зымыран шабуылдары күшейді
Израиль жаралаған 13 жастағы палестиналық қыз көз жұмды
Ұлыбритания экологиялық таза көлік технологияларын дамытуға 175 миллион доллар бөледі