ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрлігінің Грекия туралы мәлімдемесі
Өнджү Кечели Грекияның "Жаңартылатын энергия көздерінің арнайы кеңістіктік шеңбері" халықаралық келісімдер арқылы Грекияға берілмеген географиялық формацияларды қоса алғанда Түркия үшін ешқандай құқықтық салдар тудырмайтынын білдірді.
Сыртқы істер министрлігінің Грекия туралы мәлімдемесі
Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Өнджү Кечели (AA)

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Өнджү Кечели өзінің әлеуметтік медиа парақшасында Грекия тарапынан Эгей теңізін де қамтитындай етіп жарияланған “Жаңартылатын энергия көздерінің арнайы кеңістіктік шеңбері” туралы мәлімдеме жасады.

Кечели Грекияның Эгей теңізін қамтитын бұл бастамасы бұған дейінгі ұқсас әрекеттері сияқты тиесілілігі халықаралық шарттар арқылы Грекияға берілмеген географиялық формацияларды қоса алғанда, екі ел арасындағы өзара байланысты Эгей мәселелері контекстінде Түркия үшін ешқандай заңды салдар тудырмайтынын атап өтті.

Өкіл Кечели: «Бұрын да түрлі себептермен атап өткеніміздей, бұл және осыған ұқсас бастамалар Түркияның Эгей мәселелеріне қатысты заңды позициясына әсер етпейді», — деген сөздерді қолданды.

Эгей мен Жерорта теңізі сияқты жабық немесе жартылай жабық теңіздерде біржақты әрекеттерден аулақ болу керектігін және халықаралық теңіз құқығы бұл теңіздерде жағалаудағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыратынын еске салған Кечели Түркияның Эгей теңізіне жағалауы бар екі мемлекеттің бірі ретінде Грекиямен ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін тағы бір рет атап өтті.

Кечели сөзін былайша түйіндеді:

«Түркия 2023 жылғы 7 желтоқсандағы Достық қарым-қатынастар мен тату көршілік туралы Афины декларациясы шеңберінде мәселелерді халықаралық құқық, әділдік және тату көршілік негізінде шешу үшін шынайы әрі ауқымды ұстанымды ұстану қажеттігі туралы позициясын сақтайды».

Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”