ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Кабинет президент Ердоғанның төрағалығымен Бештепеде жиналады. Жиналыстың басты күн тәртібі АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер процесі болмақ. Таяу Шығыстағы оқиғалар мен Түркия экономикасының соңғы жағдайы да кабинет жиналысында қаралады.
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады

Кабинет 2 апталық үзілістен кейін тағы да тығыз күн тәртібімен бас қосады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін жиынның ең маңызды тақырыбы Таяу Шығыста шешілуіне күш салынып жатқан дағдарыс болмақ.

Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздер барысы жіті қадағаланып отыр.

Өңірде жаңа қауіпсіздік парадигмасын құру үшін әрекет етіп жатқан Анкараның басты басымдығы — тұрақты бейбітшіліктің тезірек орнауы. Осы мақсатта соңғы 1 аптада президент Ердоған АҚШ президенті Трамп пен ирандық әріптесі Пезешкианды қоса алғанда, бірқатар көшбасшымен келіссөз жүргізді.

Кабинет отырысында Ердоғанның жетекшілігімен Түркия атқарып жатқан бейбітшілік дипломатиясы талқыланады.

Экономикалық бағдарлама мен нарықтардағы соңғы жағдай қаралады

Таяу Шығыстағы оқиғалар және әсіресе «Ормуз жұмбағы» жаһандық экономика мен саудаға өзінің кері әсерін тигізуін жалғастыруда. Кабинет жиналысында бұл салдарды барынша төмен деңгейде ұстап тұру және дезинфляция процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін басылатын қадамдар күн тәртібіне шығады. Орта мерзімді бағдарлама мен 12-ші Даму жоспары шеңберінде іске асырылып жатқан экономикалық бағдарлама мен нарықтардағы соңғы ахуал сараланады.

Кабинетте «Террорсыз Түркия» күн тәртібі

Террорсыз Түркия мақсаты да Кабинеттің назарында болады. Мемлекеттің тиісті құрылымдары лаңкестік ұйымды тарату (жою) процесін жеделдететін әртүрлі модальдер бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Жиында осы зерттеулермен қатар процеске қатысты қабылдануы жоспарланған құқықтық қадамдардың да сөз болуы күтілуде.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді