Израиль күштері басып алынған Батыс Шерияның оңтүстігіндегі Әл-Халил қаласында израильдіктерге шабуыл жасады деген күдікпен екі палестиналықты өлтірді.
Израильдің жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, Әл-Халилде болған оқиғадан 5 израильдік жарақат алды.
Мәлімдемеде жараланғандардың екеуінің жағдайы аса ауыр екені және ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Израиль күштері әскерлерге шабуыл жасаған екі палестиналықтың өлтірілгенін мәлімдеді.
Ал Израильдің 14-арнасы палестиналықтардың аймаққа Израильдің мемлекеттік нөмірі бар көлікпен кіргенін және оқиғаның уақытша бақылау бекетінде болғанын алға тартты.
Осы оқиғадан кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сайлауалды науқаны аясында Батыс Иерусалимдегі базарға жоспарлаған сапарынан бас тартты.





















