САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Орыс генерал Мәскеу маңында көлікке қойылған бомба жарылысынан қаза тапты
Бұған дейін осындай шабуылдардың жауапкершілігін мойнына алған Киев бұл жолғы жұма күнгі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Орыс генерал Мәскеу маңында көлікке қойылған бомба жарылысынан қаза тапты
/ Social Media
25 Сәуір 2025

Жұма күні Мәскеу маңында тұрақта тұрған көлікке қойылған жарылғыш құрылғы іске қосылып, Ресейдің жоғары шенді генералының өліміне себеп болды. Елдегі аса маңызды қылмыстарды тергеумен айналысатын Тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты кісі өлтіру ісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, қаза тапқан — Ресей Бас штабының Негізгі операциялық басқармасы бастығының орынбасары, Корпус генералы Ярослав Москалик.

Тергеушілердің айтуынша, Мәскеудің шығысындағы Балашиха қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдында тұрған “Volkswagen Golf” маркалы көліктің жарылуынан кейін кісі өлтіру және жарылғыш заттарды заңсыз айналымға енгізу баптары бойынша іс қозғалған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда көліктің түгелдей өртеніп кеткені көрінеді.

Агенство” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Москалик Балашихада тұрған, алайда жарылған көлік оның атына тіркелмеген.

Известия газетінің жариялаған бақылау камерасынан алынған видеода көлікке қарай бір адамның жақындаған сәтінде күшті жарылыс болып, бөлшектер жан-жаққа ұшқаны бейнеленген.

Тергеушілердің мәлімдеуінше, жарылыс ішіне металл бөлшектер салынған қолдан жасалған жарылғыш құрылғының іске қосылуы салдарынан болған, мақсат – барынша көп зақым келтіру.

Ресейлік ресми деректерге сәйкес, Москалик 2015 жылы Киев пен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыстар кезінде ұйымдастырылған "Нормандия форматы" келіссөздеріне Ресейдің әскери өкілі ретінде қатысқан.

Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы Москаликке корпус генералы шенін берген болатын.

Бұл жарылыс Мәскеудің Украинадағы әскери операцияларына байланысты Ресей азаматтарына қарсы жасалған алдыңғы шабуылдарға ұқсайды.

Кейбір жағдайларда Киев мұндай шабуылдардың жауапкершілігін өзіне алған болатын, алайда жұма күнгі оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

 

Іздеу
Иранның ұшқышсыз ұшағы Әзербайжанға келіп құлады
Израильдің әуе шабуылдарынан Ливанда 12 адам қаза тапты
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
АҚШ Кувейтте қаза тапқан екі сарбаздың аты-жөнін жариялады
АҚШ–Израиль шабуылдарынан 926 адам қаза тапты
НАТО Түркияға бағытталған Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
АҚШ бірқатар елге саяхаттамауға кеңес берді
Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бері 9 000 америкалық Таяу Шығыстан қашты
«CENTCOM»: «АҚШ-тың Иранға қарсы соғысқа дайындығы өте жоғары»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті