ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Сирия үшін арнайы бағдарлама іске қосты»
Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирия халқын көлік пен білімнен бастап, қауіпсіздік, сауда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге дейінгі кең ауқымда қолдауды жалғастырып келе жатқанын айтты.
Президент Ердоған: «Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Сирия үшін арнайы бағдарлама іске қосты»
Президент Ердоған: «Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Сирия үшін арнайы бағдарлама іске қосты» / AA

Ислам ынтымақтастығы ұйымының Экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитеті аясында Сирияны қолдауға бағытталған арнайы бағдарлама іске қосылды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні ислам әлемінің қолдауы - Сирияның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Ердоған Стамбулда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитеттің министрлер кеңесінің 41-ші отырысында: «Адами және институционалдық әлеуетті нығайтуға үлес қосатын бұл бағдарлама арқылы біз білім беру, маман алмасу, қажеттілікті талдау және техникалық-экономикалық негіздемелер сияқты салаларда Сирияға жоба түрінде қолдау көрсетеміз», - деді.

«Шамамен 14 жыл бойы сириялық бауырларымыз ауыр сынақтардан өтті. Баас режимі мен лаңкестік ұйымдардың шабуылдарынан миллионға жуық сириялық көз жұмды. 3,6 миллион халық Түркияға, ал миллиондаған адам өзге елдерге көшуге мәжбүр болды. Осы қиын кезеңде біз сириялықтарға бауырластық рухпен пана болдық», - деп қосты.

Түркия бауырлас әрі көрші ел ретінде міндетін жоғары дәрежеде атқаруға тырысып жатқанын айтқан Ердоған: «Аллаға шүкір, соңында сириялықтар жеңіске жетті», - деді.

Президент Сирияны 14 жыл бойы қанға булаған зұлымдықтың 8 желтоқсан төңкерісінен кейін тоқтағанын, ал президент Ахмед Шараның басшылығымен қайта қалпына келу кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

Ердоған Түркияның көлік, білім, қауіпсіздік, сауда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларында Сирия халқына қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Ол: «Елдің саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және барлық сириялық бауырларымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында ұйымымыздың және ислам әлемінің қолдауы өте маңызды. Сирияның өңірлік экономикалармен ықпалдасуы әрі Сирияға, әрі бүкіл аймаққа пайда әкеледі», - деді.

 

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді