ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың шабуылдарына жауап ретінде Иорданиядағы америкалық әскери ұшақтар орналасқан Әл-Азрак әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді.
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді / Reuters

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының хабарлауынша, Әуе-ғарыш күштері Әл-Азрак әуе базасы мен АҚШ күштерінің маңызды нысандарына 12 баллистикалық зымыран ұшырған.

Мәлімдемеде шабуыл салдарынан базадағы нысандармен қатар көптеген америкалық әскери ұшақтың жойылғаны айтылды. Алайда бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер тарапынан расталған жоқ.

Сақшылар корпусы бұл соққылар АҚШ-тың Тегеранның батысындағы Кередж және Назарабад маңындағы нысандарға, сондай-ақ Пишва ауданындағы жергілікті әскери базаға жасаған зымыран шабуылдарына жауап ретінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Корпус қарсы тараптың агрессиясы жалғасқан жағдайда операциялар үдейе түсетінін ескертті.

Бұған дейін Иран тарапы Кувейттегі Әли әс-Салим және Ахмед әл-Жабир базаларына, сондай-ақ Бахрейндегі Шейх Иса базасындағы АҚШ нысандарына соққы жасалғанын хабарлаған еді.

Иран күштері Бахрейндегі «Patriot» әуе қорғаныс жүйелері, байланыс нысандары және АҚШ-тың Бесінші флоты нысанаға алынғанын хабарлаған болатын.

Бұл оқиғалар АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған шабуылдарынан кейін болды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуылдарын айыптады
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті