ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
"Мишустиннің Қытайға сапары өте маңызды"
Бұл сапар энергия, өнеркәсіп және технология салаларында Пекинмен ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат етеді.
"Мишустиннің Қытайға сапары өте маңызды"
"Мишустиннің Қытайға сапары өте маңызды" / Reuters

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қытайға екі күндік сапармен аттанды. Сапар барысында ол Қытай мемлекеттік басшысы Си Цзиньпин және премьер Ли Цянмен кездесіп, экономикалық және технологиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Мишустин дүйсенбі күні Ханчжоу қаласында Ли Цянмен үкімет басшыларының тұрақты кездесуін өткізеді, ал сейсенбі күні Бейжіңге барып, Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді. Ьұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Қытай мен Ресей арасындағы соңғы үкімет басшыларының кездесуі 2024 жылдың тамыз айында Мәскеуде өткен болатын. Сол кезде Ли Цян екіжақты қарым-қатынастардағы "жаңа серпін" мен "жандылықты" атап өткен еді.

“Кремль Мишустиннің Қытайға сапарына "аса үлкен" мән беріп отырғанын білдірді, бірақ Ресей президенті Владимир Путиннің Си Цзиньпинге қандай да бір хабарлама жіберетін-жібермейтіні туралы нақты ақпарат бермеді” деп хабарлады Интерфакс агенттігі.

Путин мен Си 2022 жылдың ақпан айында, Ресейдің Украинаға басып кіруінен сәл бұрын, "шексіз" әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. Сол уақыттан бері Мәскеу батыс санкцияларының әсерін азайту үшін Бейжіңге бет бұрып, екіжақты сауданың рекордтық деңгейге жеткенін, юаньмен есеп айырысудың артқанын және энергетикалық ынтымақтастықтың тереңдегенін атап өтті.

Сауданың баяулауы

АҚШ президенті Дональд Трамптың тұсында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда және технология саласындағы келіспеушіліктер Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістірді. Бұл жағдай Мәскеу мен Бейжіңді Батыстың қысымына қарсы тұру үшін шекаралық сауданы нығайтуға итермеледі.

Алайда соңғы айларда Қытай мен Ресей арасындағы сауда төмендеп келеді. Ресей Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алиханов мұны "сыртқы" экономикалық қысыммен және Қытай өнімдерінің Ресей нарығында "қанығуымен" түсіндірді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды