ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
ДДСҰ: Израильдің Нассер ауруханасына жасаған шабуылы Газа денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Израильдің жексенбі күні Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласындағы Нассер ауруханасына жасаған шабуылының аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі әлсіреткенін мәлімдеді.
ДДСҰ: Израильдің Нассер ауруханасына жасаған шабуылы Газа денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті
/ AA

«Израиль шабуылы аурухананың хирургиялық бөлімін қатты зақымдап, екі адамның өмірін қиды, сегіз адамды жарақаттады. 35 стационарлық төсек жойып, қиын жағдайдағы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі қиындатты», - деді Тедрос Гебрейесус дүйсенбі күні «X» платформасында жазған жазбасында.

Гебрейесус «Денсаулық сақтау нысандары шабуыл нысаны болмауы керек, қорғалуы тиіс және әскери мақсатта пайдаланылмауы қажет», - деп баса айтты және ДДСҰ-ның барлық тұтқындарды босату және атысты тоқтату режимін қайта бастау туралы үндеуін қайталады.

Жексенбі күні кешке Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханаға жасалған шабуылдан кемінде екі палестиналық қаза тауып, бірнеше адам жарақат алғанын мәлімдеген болатын.

Министрлік шабуыл аурухананың хирургия бөлімшесін нысанаға алғанын айтты. Қаза тапқандардың бірі 16 жаста, екіншісі туралы мәлімет жоқ. Зардап шеккендер арасында науқастар мен медицина қызметкерлері бар.

Израиль армиясы қаңтар айында қабылданған атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісіміне қарамастан 18 наурызда Газаға әуе шабуылын жасады. Шабуылда кемінде 730 адам қаза тауып, шамамен 1,200 адамды жарақаттанды.

 

 

Іздеу
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”