ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған Стамбулдағы Ресей-Украина бейбіт келіссөздерін «маңызды жетістік» деп бағалады
Түркия президенті Стамбулдағы Ресей-Украина келіссөздерінен кейін мәлімдеме жасады.
Ердоған Стамбулдағы Ресей-Украина бейбіт келіссөздерін «маңызды жетістік» деп бағалады
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей, Украина және АҚШ басшыларымен саммит өткізуді ұсынып, Стамбулды «бейбітшілік орталығына» айналдырғысы келетінін айтты.

Дүйсенбі күні министрлер кабинетінің отырысынан кейін сөйлеген сөзінде Ердоған ең басты тілегінің Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді Стамбулда немесе Анкарада бір үстел басына әкелу екенін атап өтті.

Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші кезеңі өтіп жатқан кезде мәлімдеме жасаған Ердоған тіпті Трамптың да Путин мен Зеленский кездесуіне қатысқанын қалайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол егер басшылар Түркияда бас қосса, бұл кездесуге қатысатынын және Стамбулдың бейбітшілік орталығы болуын қалайтынын айтты.

Президент жексенбі күні Украинаның 162 ұшқышсыз ұшақ арқылы Ресейге жасаған ауқымды түнгі шабуылынан кейін дүйсенбі күні өткен келіссөздерді «маңызды жетістік» деп бағалады.

Аталмыш шабуылда ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті «А-50», «Ту-95» және «Ту-22М3» сияқты ауыр бомбалаушы ұшақтармен бірге 40-тан астам ресейлік әскери ұшақ нысанаға алынды.

Сириядағы соңғы оқиғалар

Сириядағы оқиғаларға тоқталған Ердоған «Сирия тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізген сайын Сирияның көршілері және аймақтағы барлық ел бұдан пайда көретініне сенеміз» деді.

Ердоған Еуропа елдерінің Сирияға қарсы санкцияларды алып тастау шешіміне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Түркия президенті түрік «Ajet» компаниясының Сирияға тұрақты рейсімен қатар Сирия әуе жолдарының жақын арада Түркияға рейс бастайтынын хабарлады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді