САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Путин: «Соңғы генетикалық зерттеулер орыстар мен украиндардың шын мәнінде бір халық екенін көрсетіп отыр»
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу уақытша атысты тоқтатуды емес, бейбіт келісім жасасуды және екі елдің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Владимир Путин «Россия» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийдің аумақтық шығынға келісуге дайын екені туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Ресейдің бақылауына өткен аумақтарды меңзеген Путин: «Бұл олардың (Украинаның) жері емес. Бұл – Ресейдің тарихи жері. Оның үстіне, осы аумақтарда тұратын халық алдымен  тәуелсіздік алу үшін, кейін Ресей Федерациясымен қайта бірігу үшін дауыс берді. Сондықтан қандай да бір аумақтық шығын туралы сөз ету орынсыз деп санаймын», – деді.

Путин бұл жағдайдың әсіресе Еуропа елдерінде Ресейге қарсы кең ауқымды науқан жүргізілуіне себеп болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қазір сол күштер Ресей тарапынан төнетін қауіп туралы және Ресеймен соғысқа дайындық басталғаны жөнінде жиі мәлімдеме жасап жүр.

Ресей президенті мұндай жағдайды «саяси шизофренияның бір түрі» деп атап, оның уақыт өте келе тоқтайтынына үміт білдірді.

«Барлық мәселе бойынша келісімге келуге болады»

Путин Киев билігін Украинаның шығысындағы халықпен келісімге келтіруге күш салғандарын, алайда Киевтің соғысты таңдағанын алға тартты.

«Біз бүгін келісімге келуге дайынбыз. Осы күрделі әрі ауыр жағдайдан шығудың жолдарын іздеп, ортақ мәмілеге келуге әзірміз. Бұл халық бізге өте жақын халық. Түсінесіз бе? Бұдан артық не керек? Соңғы генетикалық зерттеулер орыстар мен украиндардың шын мәнінде бір халық екенін көрсетіп отыр», – деді Путин.

«Кез келген мәселе бойынша келісімге келуге болады. Менің ойымша, біз ортақ мәмілеге келе аламыз. Біз бұған келісеміз», – деген Ресей басшысы қандай жағдай болмасын, алға қойған міндеттерін орындап, арнайы әскери операция арқылы барлық мақсатқа қол жеткізетіндерін мәлімдеді.

 

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді