САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Судан армиясы мен одақтастары Жедел Қорғау Күштеріне соққы берді
Судан Қалқан күштері Дарфурда Жедел Қорғау Күштерінің  (ЖҚК) алға жылжуынан кейін Кордофан аймағында шиеленіскен қақтығыстарда ЖҚК-ға ауыр шығын келтіргендерін хабарлады.
Судан армиясы мен одақтастары Жедел Қорғау Күштеріне соққы берді
Судан армиясы мен жартылай әскери күштер арасындағы қанды билік таласы елді әлемдегі ең ауыр гуманитарлық апаттардың біріне батырды. / Anadolu Agency

Судан Қалқан Күштері Судан армиясы және олармен бірге соғысатын жасақтардың Солтүстік Кордофан уәлаятында жекеменшік ЖҚК-ға ауыр шығын келтіргенін хабарлады.

Армияның одақтасы саналатын Судан Қалқан Күштері сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Солтүстік Кордофанның Ум Саяла аймағында сәтті әскери операция жүргізілгенін және мұның көтерілісшілерді және олардың Солтүстік Кордофан майданындағы мүмкіндіктерін толық жою жоспары негізінде жүзеге асқанын атап өтті.

ЖҚК ұшқышсыз аппараттар мен ауыр артиллерия арқылы кең көлемде шабуыл жасаса да адам күші мен техника жағынан ауыр шығынға ұшыраған.

Сонымен қатар топ өздерінің де шығынға ұшырағандарын мойындады.  Олардың командирі Абу Акла Кикил жеңіл жарақат алған.

Судан Қалқан Күштері 2022 жылдың басында елдің шығысындағы Әл-Жазира аймағында құрылған, құрамында 35 000-нан астам жауынгер бар.
Кикил 2023 жылдың тамызында ЖҚК қатарына қосылып, кейіннен қайтадан армия жағына өткен.

Судан армиясы дүйсенбі күні ЖҚК-мен болған ауыр қақтығыстардан кейін уәлаят орталығы Әл-Обейдтің солтүстігіне шамамен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Ум Саяланы қайта бақылауға алғанын жариялады.

Алайда көтерілісші топ Ум Саялада армия күштеріне қарсы жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Кордофанда ЖҚК-ның алға жылжуы

Өткен ай ЖҚК Солтүстік Дарфурдың астанасы Фаширді басып алғаннан кейін жартылай әскери топ пен Судан армиясы арасындағы қақтығыстар елдің орталығы мен оңтүстігіндегі Кордофан өңіріне тарады.

Топ Суданның 18 уәлаятының бесеуін құрайтын Дарфур аймағын толықтай бақылауда ұстап отыр, ал армия Хартумды қоса алғанда қалған 13 штаттың басым бөлігін басқаруда.

Дарфур Судан аумағының шамамен бестен бірін алып жатса да, елдегі шамамен 50 миллион тұрғынның басым көпшілігі армия бақылауындағы аймақтарда тұрады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, армия мен ЖҚК арасында 2023 жылдың сәуірінде басталған қақтығыс Суданда кемінде 40 мың адамның өмірін қиып, 12 миллион адамның босқынға айналуына себеп болған.

 

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр