ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль шабуылдары жалғасуда
Куәгерлер Хан Юнус, Рафа және Газада артиллериялық шабуылдар болғанын хабарлады.
Израиль шабуылдары жалғасуда
Израиль шабуылдары жалғасуда / AP

10 қазан күні күшіне енген бітім келісіміне қарамастан, куәгерлер сәрсенбі күні таңертең Израиль армиясының Газаның бірнеше ауданына шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль артиллериясы Хан Юнустың оңтүстік-шығысын және Рафа қаласының солтүстігінде орналасқан Мораг дәлізі маңын атқылаған.

Ал Газаның орталық бөлігінде Израильдің әскери техникасы мен бульдозерлері Дейр әл-Балах қаласының солтүстік-шығысынан кіріп, жер қазу жұмыстарын жүргізген.

Сондай-ақ Израиль артиллериясы Газадағы Джебалия босқын лагерінің шығыс бөліктерін атқылаған. Әзірге адам шығыны туралы ақпарат жоқ.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бітім жарияланғаннан бері Израиль шабуылдарынан кемінде 393 адам қаза тауып, 1 074 адам жараланған.

2023 жылдың қазанынан бері Израильдің Газаға қарсы жүргізіп келе жатқан геноцид соғысы салдарынан 70700 адам қаза тауып, 171 мыңнан астам адам жараланған. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Ал аймақ жермен-жексен болған.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады