ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ «Boeing» компаниясымен келісімшартқа қол қойды
Флоридада Дональд Трамп пен Беньямин Нетаньяху арасындағы кездесуден кейін жасалған мәлімдемеге сәйкес, келісім 25 ұшақ және басқа да қосымша ұшақ алу мүмкіндігін қамтиды.
АҚШ «Boeing» компаниясымен келісімшартқа қол қойды
АҚШ «Boeing» компаниясымен келісімшартқа қол қойды / AP

Пентагон Израиль Әуе күштері үшін жаңа жойғыш ұшақтарын өндіру мен жеткізуді көздейтін Израильдің «F-15» бағдарламасы аясында «Boeing» компаниясымен 8,6 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды.
Пентагон дүйсенбі күні таратқан хабарламасында келісім 25 жаңа «F-15IA» ұшағын жобалау, интеграциялау, сынақтан өткізу, өндіру және жеткізуді, сондай-ақ қосымша 25 ұшақты шығаруды қамтитынын мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, бағдарлама бойынша жұмыстар АҚШ-тың Миссури штатында жүргізіледі және 2035 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады.

Мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп пен Нетаньяхудың Флоридада өткен кездесуінен кейін жасалды. Сапар барысында Нетаньяху АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсетпен келіссөз жүргізді.

Израильге шексіз қолдау

АҚШ Джо Байден мен Дональд Трамп әкімшіліктері тұсында, яғни соңғы екі жылда Израильге кемінде 21,7 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетті.

Израиль шартсыз қару-жарақ қолдауынан бөлек, жыл сайынғы арнайы артықшылықтарға, соғыс уақытындағы қосымша қаржыландыруға және Конгресс тарапынан шектеулі бақылауға да ие.

АҚШ Израильдің Газадағы соғыс салдарынан шамамен 71 мың палестиналықтың қаза табуына байланысты Израильге көрсетілген әскери көмек пен қару-жарақ үшін қатаң сынға ұшырап отыр.

 

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»