САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Сауд Арабиясын «НАТО-дан тыс маңызды одақтас» деп атады
АҚШ президенті Вашингтонның Эр-Риядпен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын арттырып жатқанын айтып, екі тарап ұзақ мерзімді стратегиялық және қауіпсіздік байланыстарын ерекше атап өтті.
Трамп Сауд Арабиясын «НАТО-дан тыс маңызды одақтас» деп атады
Трамп Сауд Арабиясын «НАТО-дан тыс маңызды одақтас» деп атады / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясын «НАТО-дан тыс маңызды одақтас» ретінде танитынын мәлімдеді. Трамп сейсенбі күні кешкісін Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен өткен кешкі аста: «Әскери ынтымақтастығымызды нығайтып, Сауд Арабиясын ресми түрде НАТО-дан тыс маңызды одақтас деп танып отырмыз. Бұл олар үшін өте маңызды мәселе»,-деді.

Бұл мәлімдеме екі ел арасында қол қойылған стратегиялық қорғаныс келісімінен кейін жасалды. Сауд Арабиясының БАҚ-тары құжатты аймақтағы бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлес қосатын және ұзақ мерзімді қорғаныс ынтымақтастығын күшейтетін маңызды қадам деп сипаттады.

Ақ Үйдің хабарлауынша, тақ мұрагері Вашингтонға сапары кезінде АҚШ пен Сауд Арабиясы азаматтық ядролық энергия және қорғаныс салаларында да бірқатар келісімге қол қойды.

АҚШ әкімшілігі екі тараптың азаматтық ядролық энергетикаға қатысты бірлескен декларацияны мақұлдағанын, оның алдағы онжылдықта миллиард долларлық ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалайтынын айтты. Ақ Үй бұл ынтымақтастықтың ядролық қарудың таралуын болдырмау талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

Президент Трамп сондай-ақ «F-35» жойғыш ұшақтарын қамтитын қару-жарақ келісімін мақұлдады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды