САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп пен Зеленский бірнеше мәселені талқылады
Зеленский Женевадағы кездесудің алдағы келіссөздерді президенттер деңгейіне көтеруге жол ашатынына үміт білдірді.
Трамп пен Зеленский бірнеше мәселені талқылады
Өткен жылдың соңында жарияланған америкалық жоспарға негізделген келіссөз негізінен Донбас мәселесіне байланысты тығырыққа тірелген. (МҰРАҒАТ) / AA

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, бейсенбі күні Швейцарияда өтетін екіжақты кездесу барысында талқыланатын мәселелерді қарастырғандарын мәлімдеді.

“X” әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Зеленский әңгімеге АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің де қатысқанын айтты. Ол сондай-ақ Мәскеу, Киев және Вашингтон арасында өтетін келесі үшжақты бейбіт келіссөзге «наурыз айының басында» дайындық мәселесі талқыланғанын атап өтті.

Украина мен АҚШ командаларының қарқынды жұмыс істеп жатқанын айтқан Зеленский олардың атқарып жатқан барлық еңбегі, келіссөздерге белсенді қатысуы және соғысты тоқтату жолындағы күш-жігері үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар ол Украинаның жедел қажеттіліктері тізімі бастамасына ерекше мән берілетінін атап өтті: «Бұл қыс Украина үшін ең ауыр қыстардың бірі болды. Алайда әуе шабуылына қарсы АҚШ-тан сатып алынған қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар бізге бұл қиындықтарды еңсеруге және адам өмірін қорғауға көмектесуде», - деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты

Тығырыққа тірелген келіссөз

Бұған дейін Зеленский бейсенбі күні АҚШ елшілері мен Украинаның бас келіссөз жүргізушісі Рустем Умеров арасында кездесу өтетінін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл кездесуде Украинаға арналған «Өркендеу пакеті» және бірқатар мәселе талқыланады.

Келіссөздер өткен жылдың соңында жарияланған америкалық жоспарға негізделген. Алайда олар негізінен қақтығыстардың негізгі ошағы саналатын Украинаның шығысындағы Донбасс өнеркәсіп аймағының тағдыры мәселесінде тығырыққа тіреліп отыр.

Ресей Украинаның шығысындағы Донецк облысын толық бақылауға алу үшін қысым жасап, Киев келіссөз үстелінде ымыраға келмеген жағдайда аймақты күшпен басып алу жөнінде қоқан-лоққы жасауда.

Алайда Украина бұл талапты қабылдамай, Ресейдің жаңа шабуылдарын тежейтін қауіпсіздік кепілдіктерінсіз ешқандай келісімге қол қоймайтынын хабарлауда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты
Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді