САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль қолдайтын ұйым Газада көмек таратады
Газаға көмек таратумен айналысатын АҚШ пен Израиль қолдайтын жеке ұйым басшысы гуманитарлық принциптер бұзылып жатқанын алға тартып, отставкаға кетті.
Израиль қолдайтын ұйым Газада көмек таратады
/ Reuters

Америка Құрама Штаттары және Израильдің қолдауымен Газаға көмек таратумен айналысатын жеке гуманитарлық ұйым қоршауда қалған аймаққа дүйсенбі күні көмек жеткізуді бастайтынын мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме Газа гуманитарлық қорының басшысы Джейк Вуд жексенбі күні отставкаға кеткеннен кейін жасалды. Соңғы екі айдан бері Газадағы гуманитарлық көмек қорының атқарушы директоры қызметін атқарған Вуд қордың адамгершілік, бейтараптық, әділдік және тәуелсіздік қағидаларына сәйкес әрекет ете алмайтынын және осы себепті отставкаға кеткенін айтты. Вуд осы айдың басында Израиль билігіне өзінің қорынан көмек алатындардың жеке ақпаратын жарияламайтынын жазған болатын.

Ақпан айында құрылған қор Біріккен Ұлттар Ұйымының қатаң сынына ұшырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының шенеуніктері қордың көмек тарату жоспары палестиналықтардың мәжбүрлі қоныс аударуына және зорлық-зомбылықтың артуына алып келуі мүмкін екенін айтты.

Мәжбүрлі қоныс аудару қаупі

Израильдің бұл бастамасы БҰҰ және басқа да гуманитарлық ұйымдар сияқты ұзақ қызмет ететін ұйымдардың орнына жеке компаниялар жұмыс істейді деген идеяға негізделген. Жоспарға сәйкес көмек Израиль орналасқысы келетін Газаның оңтүстігіндегі «қауіпсіз тарату нүктелеріне» жеткізіледі. Бұл Израиль армиясының қоршаудағы аймақтың солтүстігіндегі барлық палестиналықты оңтүстікке көшіруді қалайтыны туралы хабарларды растайды.

Ғаламдық аштық индексі Газадағы жарты миллион адамға, яғни халықтың төрттен біріне аштықтан өлу қаупі төніп тұрғанын ескертті. Израиль 2 наурыздан бастап Газаға азық-түлік, медициналық және гуманитарлық көмек жеткізу жолдарын жауып тастады. Бұл Газа секторының 2,4 миллион тұрғынына әсер етіп, гуманитарлық дағдарысты одан әрі тереңдете түсті. Қоршау аймақты ашаршылық жағдайына душар етті, аштықтан өлім-жітім тіркелді.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады